Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Ақжарма ауылындағы қос ірі шаруашылыққа дала еңбеккерлерінің қуанышына ортақтасып , егінге алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі ауыл еңбеккерлерін Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен және бүгінгі егінге орақ түсу қуанышымен құттықтады.
Аудан қамбасын астыққа толтыру – егіншілер қауымының ала жаздай төккен тері мен ерен еңбегімен келетіні белгілі. Соның бірі Марат Бисенов Алдабергенұлы басқаратын «Ақжарма -2» шаруа қожалығы егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Бүгінгі таңда диқандар сыр салысын 800 га жерге егіп , сонымен қатар 88 га жаңа жоңышқа өнімі мен 122 га ескі жоңышқа өнімін жинауда. Шаруашылықта 145 адам жұмыспен қамтылған.
Аудан әкімі келесі Нұрсейтов Қайрат Болатұлы төрағалық ететін «Ақжарма и К» фермер қожалығында болды . Шаруашылықтың негізгі бағыты – егін егу және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру.Биылғы жылы қожалық негізгі дақыл күрішті 1350 га егіп , 34 га соя, 5 га дәндік жүгері, 250 га жаңа жоңышқа егілсе , 564 га ескі жоңышқа өнімін жинауда . Шаруашылық 70 адамды жұмыспен қамтыған.
Бүгінде егін жинау науқанына Заманауи ауылшаруашылығы техникалары жұмылдырылған. Оның ішінде, «Класс, Торум, Лида» комбайндары және Магдон жаткаларын атап айтуға болады. Бұл техниканы басқару өте ыңғайлы әрі қолайлы! Заманауи, ең соңғы үлгідегі техникалардың егістік алқабында көбеюі – уақыттың үнемделуі.
– Күріш біздің елдің, Сыр бойының негізгі байлығы. Ендігі мәселе осы байлықты шашпай-төкпей ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату, -деді аудан әкімі .
Егінге орақ салу рәсімінде лента қиылғаннан кейін ауыл ақсақалы Қалданбек Сыздықов өнімнің мол болуына ақ батасын берді.
Тынымсыз еңбектің арқасында егінін теңіздей тербелтетін Ақжармалық шаруалар, жемісті еңбек етіп, мол өнім жинайды деп күтілуде. Енді диқандардың басты міндеті межені орындап, табысты еселеу.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<