Сырдария ауданының құрылғанына 90 толуына орай Тереңөзек кентінде «Парасат» алаңы ашылып, алаңға киелі ауданнан шыққан Кеңес Одағы батырларының, Сациолистік Еңбек Ерлерінің және мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ескерткіш-бюсттері қойылды.
«Парасат» алаңының ашылуында аудан әкімі Ғ.Қазантаев, ҚР Пралмаенті сенатының депутаты Б.Еламанов, білім саласының ардагері Г.Әбілова сөз сөйлеп, аудан тұрғындары мен мерейтойы қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.
– Тәуелсіз қазақ елінің тарихында өзіндік ойып алар орны, бай шежіресі бар Сырдария ауданы бүгінде өзінің 90 жылдық айтулы мерейтойын атап өтуде. Сіздерді ең алдымен, тамыры терең, тарихы кенен серпінді Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Жайқалған ақ күріші мен жер асты мұнайынан табысы тасқындап, өнері мен мәдениеті өрге басқан, 40 мың халқы бақытты өмір сүріп, берекелі еңбек етіп жатқан Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесі – бәріміз үшін зор қуаныш. Тамыры терең тарихында ұзақ жылдар «Тереңөзек ауданы» деп аталып, бірлігі бекем аудан ретінде танылған, бүгінде өсіп-өркендеп, жаңарып-жасарған, көрікті де көркем Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесінің кең көлемде тойлануы тұғырлы Тәуелсіздігіміздің жемісі, Елбасы саясатының нәтижесі,- деді аудан басшысы Ғ.Қазантаев.
Сонымен қатар, ҚР Пралмаенті сенатының депутаты С.Еламанов, білім саласының ардагері Г.Әбілова ауданның 90 жылдық мерейтойында ауданнан шыққан даңқты тұлғаларға құрмет көрсету – «Рухани жаңғырудың» жарқын көрінісі екенін атап өтті.
Айта кету керек, «Парасат» алаңына Қазақстанның Халық жазушысы, драматург, аудармашы жерлесіміз – Қалтай Мұхамеджанов, сатира сардары Асқар Тоқмағанбетов, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Әбділда Тәжібаев, Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов, Жаппасбай Нұрсейітов, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» Бекайдар Жүсіпов, Социалистік Еңбек Ерлері Балдырған Мұстапаева, Күләнда Әбдіраманова, Цой Ги Хва, Қасым Бөдеев, Дүйсенбай Керейтбаев, Ибадулла Ақниязов, Ахмет Халықовтардың ескерткіш-бюсттері қойылған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<