Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ҚР «Рақымшылық жасау туралы» заңы түсіндірілді

905

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын іске асыру шаралары бойынша «ZOOM» платформасы арқылы кездесу өтті.


Департамент бастығының орынбасары Мұрат Сабырұлы Нәкеновтың төрағалығымен өткен кездесуге Қызылорда облыстық сотының судьялары, қалалық және аудандық сотының төрағалары, прокуратура өкілдері, түзеу мекемелерінің арнайы есепке алу және тәрбие бөлімінің қызметкерлері мен қалалық, аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Мұрат Сабырұлы тергеу қамауындағылар, түзеу мекемелері және пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарға рақымшылықты қолдану бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.


Одан соң ҚАЖ департаментінің Арнайы есепке алу тобының бас маманы Шырын Әбдиева «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын таныстырып , заңның негізгі ережелері мен оның нормалары қандай тұлғаларға қолданылатынын түсіндірді.


Іс-шара барысында қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға және жаза мерзімінің қысқартылуына жататын тұлғаларға қатысты материалдарды дайындаумен байланысты сұрақтар талқыланды.

Қазіргі таңда сотталған азаматтарға рақымшылық заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.

Дана Достанова,


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<