«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ құрылғанына биыл 6 жыл толды. Осыған орай корпорацияның Қызылорда облысындағы филиалы мамандары «Тал егу» акциясын өткізді. Мамандар қаладағы №1 бөлімі ауласындағы орынға тазалық жұмыстарын жүргізіп, одан соң көшеттер отырғызды.
– Халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындар көп шоғырланатын орын. Сондықтан бұл аумақтың жасыл желекке оранып, қала көркіне сән беріп тұрғаны жөн. Жылдағы дәстүр бойынша корпорация мамандары биыл да тал егуді қолға алды. Жас көшеттердің болашақта еңселі болып өсеріне сенеміз. Жазғы күн ыстық уақыттарда осында келген қызмет алушылар осы талдарды саяласа еңбегіміздің еш кетпегені, – дейді Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры Айнұр Тобаева.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<