Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың қараша айында өткен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында нұротандықтардың алдына қойған нақты тапсырмалары бойынша бүгінде партия қызметін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл бағытта Партияның орталық аппаратымен бірқатар нақты стратегиялық жобалар қолға алынып, оларды жүзеге асырудың тиімді тетіктері де қарастырылуда.
Осыған орай «Нұр Отан» партиясы бірнеше стратегиялық жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолға алып отыр. Олардың қатарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар. Бұдан басқа жалпыұлттық күн тәртібіне және стратегиялық бағдарламалық құжаттарды дайындауға белсене қатысу, партия кадрлық резервін жандандыру, еліміздегі жастар саясатын одан әрі жетілдіру, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру сияқты бірқатар нақты бағыттар бойынша да арнайы жобалар жүзеге асырылатын болады.
Жалпы, партия жұмысын тыңғылықты сараптаудың және халық тарапынан келіп түскен ұсыныстардың нәтижесінде 20-дан астам партиялық жоба дайындалды. Олардың қатарында жұмысы қайта жандандырылған «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» атты екі бұрынғы жоба да бар.
Осыған орай партияның бүгіннен бастап жүзеге асырылуы басталғалы отырған «Тарлан тарих тағылымы» атты жаңа өлкетану жобасы ұлттық тарихымызды көпшілікке танытып, оның ішінде төл мәдениетіміз әлемнің барлық құрлықтарына жол салуғы ықпалын тигізуі керек.
Партиялық жобаның басты идеологиялық аспектілерінің бірі тарихшы, өлкетанушы, мәдениеттанушы, саясаттанушы, этнографтардың, археологтардың, қоғам қайраткерлерінің жергілікті жоғары оқу орындарында өлке тарихы туралы көпшілік дәрістер өткізуге және ежелгі ескерткіштер мен көне жәдігерлерге, киелі орындарға ішкі туризмді дамытуға басымдылық таныту болып табылады.
Мұнан бөлек партиялық жоба шеңберінде «Төл мәдениет пен руханилық», «Бірлік пен келісім», «Отбасы мен дәстүр», «Зияткер ұлт» секілді құндылықтарды ілгерілету қамтамасыз етіледі.
Бұл үшін партиялық жоба Қазақстан халқының рухани-мәдени құндылықтарын бойына сіңіріп, қазақ халқының төл тарихын зерделеу арқылы отан сүйгіштікті нығайту, халқымыздың қастерлі мұраларына сүйене отырып ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлттың ұрпағын қалыптастыруға үлес қосумақсаттарыналдынақойып отыр. Осы мақсаттарға жету үшін жаңа партиялық жоба:
– тарихи құндылықтардың шежіресін тарқатып, шежіренің ұрпақтан ұрпаққа жетуіне қолайлы жағдай жасау,
– ұлтымыздың тарихи мұраларын дәріптеуге бағытталған іс-шараларға көненің көзін көрген, дала академиясының түлектері көне-көз қарияларды,тарихшылардың, этнограф – археолог ғалымдардың мақсатты аудиторияларда дәрістерін ұйымдастыру;
– Аймақтардағы «Рухани жаңғыру» аясында ашылған орталықтармен бірлесе жұмыстар атқарып, жастардың санасында ұлттық рухты қалыптастыруміндеттерін алдына қоюда.
Өздеріңіз байқап отырғандай жобаның мақсатты аудиториясы: халықтың барлық мақсатты топтары, әсіресе жастар мен жасөспірімдер. Іске асыру мерзімі: орта мерзімді, 2018 -2019 жж. Біріншіден, өлке тарихын қалыптастырған шежірені, аймақтарда ұстанған салт-дәстүрлерді зерделеу мақсатында дәрістер ұйымдастыру. Бұл бағыт аясында тарихи құндылықтарды насихаттауға, ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге бағытталған ғалымдардың бірыңғай тақырыптық дәрістерін өткізу көзделуде.
Осы орайда, партияның аймақтық және аумақтық филиалдары қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ұйымдастырылатын іс-шаралардың идеологиялық бағыт-бағдарын айқындап, шараларға ақпараттық-насихаттық қолдау көрсетіп, оларды жүзеге асыру үшін қоғамды жұмылдыратын болады.
Екіншіден, тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерді, қасиетті орындарды дәріптеу. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында партияның аймақтық және аумақтық филиалдары өкілетті мемлекеттік органдармен және «Рухани жаңғырудың» аймақтардағы орталықтарымен бірлесіп, тарихшы, мәдениеттанушы, саясаттанушы, этнографтардың, археологтардың, жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдарының қатысуыменіс-шаралар өткізетін болады. Үшіншіден, ішкі мәдени туризмді дамыту.
Бұл бағыт аясында еліміздің әрбір өңірінде жергілікті тұрғындар үшін Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб, Бекет Ата, Қорқыт Ата, Қобыланды батыр кесенесі секілді киелі орындарға ішкі туризм сапарларын ұйымдастыру көзделуде. Бұл бағыт бойынша тиісті облыстық басқармалар, туристтік фирмалар және жоғарғы оқу орындарының арнайы кафедраларының қатысуымен арнайы іс – шаралар өткізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша партияның аймақтық филиалымен арнайы жоспар мен желілік кесте дайындалуда. Жоспарланған шараларға «Нұр Отан» партиясы тарапынан толық ақпараттық-насихаттық қолдау көрсетілетін болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<