Тату елдің табысы көп

480

0

Тату елдің  табысы көп Бейбітшілік және келісім са­райында Елбасының төрағалығымен  Қазақстан хал­қы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. Онда ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктеріміз бен Ұлы Дала елінің ұлт болып ұйыса түсуіне, бірлігімізді бекемдеуге сеп болар ұсыныстар айтылды. Сессияға «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбы арқау болды. Қазақстанның осы күнге дейін жеткен жетістіктерінің негізгі кілті – халық бірлігінің нәтижесі. Бұл орайда тұтастықтың құтты шаңырағына айналған Ассамблеяның орны ерек. 

Сессия барысында Мемлекет басшысы ел бірлігін қасиет тұта білгеніміздің арқа­сында жеткен табыстарымызға тоқ­талды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассам­блеясының қызметін жетілдіруге бағыт­­талған, жақында қабыл­данған заң­ды ілгер­летуді жүктеді. Бес әлеуметтік бас­­таманы жүзеге асыруға және орын­далуын бақылауды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясына тапсырды.

Сонымен бірге, әлеуметтік бір­­лікті ны­ғай­туға арналған бес бас­таманы жүзеге асыру арқылы халық­тың әл-ауқаты мен ын­тымағы арта түсетінін айтып өтті.

Маңызы жоғары сессияға 1500-ден ас­там делегат қатысты. Алдағы уақытта жаңа экономиканың дамуына тың серпін беретін бастамаларды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы да жоғары деңгейде жүзеге асыруға барынша күш салатын болады.

Л.ТӨРЕШОВА,

облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының

хатшылық меңгерушісі.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<