Нұр-Сұлтандағы Максим Горкий атындағы орыс драма театрына жүргізілген күрделі жөндеу кезінде 400 миллион теңгеден астам соманы қолды еткендер сотталды. Үкімді Алматы ауданының №2 соты шығарды. Судья, өнер ордасының экс-директоры мен оның орынбасарын және құрылыс компанияларының үш жауапты тұлғасын бас бостандығын шектеуден бастап, 9 жылға дейін соттады.
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Ботагөз Баянова, қалалық соттың баспасөз хатшысы:
Драма театрының директорына Қасеновке 9 жылға бас бостандағынан айыру жазасын, Дастанов, Байсалбековке 8 жыл, Ербатыровқа 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сатыбековке 2 жылға бас бостандығын шектеу, Кенжетаевқа ҚР ҚК 63-ші бабын қолдана отырып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Естеріңізге салсақ, елордадағы ең ескі театрды қалпына келтіруге 80 миллион теңге, ал толық жөндеуге 574 миллион теңге бөлінген. Бірақ, 2019 жылы өнер ордасының басшылығы мен құрылыс жұмыстарын жүргіз бек болғандар өзара келісіп, жоғарыда атаған соманың көп бөлігін қалтасына басыпты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<