Қазіргі кезде алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады. Оңай ақша табу жолын көбіне әйел кісілер пайдаланады. Олардың құрығына алдымен түсетіндердің қатарын да сенгіш әйел кісілер құрайды.
18 наурыз күні Арал ауданының тұрғыны танысы былтыр «Қазақстан Темір Жолы АҚ-на жұмысқа тұрғызып беремін» – деп 1 млн теңгеден астам ақшасын алдап алғаны үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне арызданған.
Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 35 жастағы азаматшаанықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
«Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментімен кешенді іс-шаралар атқарылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде.Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. Алаяқтықпен күресті бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл – баршаға ортақ іс»,-деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<