Төтенше жағдайға тыңғылықты әзірлік тосқауыл

572

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б.Данилов облыс аумағындағы өндірістік орындар мен тұрғын үйлердегі, орман шаруашылықтары мен шалғай орналасқан елді мекендердегі өрт қауіпсіздік жағдайы және облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың 7 айында облыс бойынша 321 өрт оқи­ғасы орын алған. Жалпы өрт­тің негізгі себептері – электр құралдарын пайдалану ере­же­сін бұзу, балалардың от­пен ойнауы, тұрмыстағы және объектілердегі жылыту пеш­терінің ақауы және басқа да жағдайлардан болып отыр. Бүгінгі күнге облыс аума­ғын­дағы өрт қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін 14 мем­лекеттік өрт сөндіру бө­лімі және 2 өрт сөндіру бекеті жұ­­мыс жасайды. Облыс­тық тө­тенше жағдайлар де­пар­таменті 620 қызметкер және 93 бірлік өрт сөндіру авто­техникасымен қамтылған.

Облыс басшысы өрт қауіп­сіздігін сақтау бойынша бір­қатар тапсырма берді.

«Алдағы жылу беру мау­сы­мында тұрғындардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету мақ­­сатында қала және аудан әкім­дері өз бюджеттері есе­бінен әлеуметтік аз қамтыл­ған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үй­лерге көмірқышқыл және та­биғи газды анықтайтын құ­рылғылар орнату жұмыстарын жалғастырсын. Облыс көле­міндегі жарылғыш заттар мен аммиактық селитра сақ­тайтын, оттегі толтыру ны­сандары мен газ толтыру стан­саларына өнеркәсіптік қа­уіпсіздігі талаптарының сақ­талуы бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын ұй­ым­дастыру керек. Орман және дала өрттерінің алдын алуға арналған күш-құралдардың дайындығын қамтамасыз еті­ңіздер. Сонымен қатар, Сыр­дария өзенінің сол жаға­лауындағы ғимараттар саны­ның өсуіне байланысты өрт сөндіру депосын салу үшін жұмыс жасау қажет», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ қала және аудан әкімдеріне өз аумақтарындағы шалғай орналасқан елді мекен­дерде құрылған өрт сөндіру бекеттерін кезекшi ауысымға, өрт сөндiру автомобилiне ар­налған телефон байланысы­мен, электр энергиясымен, жы­лумен және сумен қамтамасыз етiлген ғимараттармен қамта­масыз ету үшін қаржы бөлуді және облыс әкімі бекіткен «2021-2025 жылдарға мем­лекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде кезең-ке­зеңмен өрт бекеттерін құру» жоспарын іске асыруды тап­сырды.

Облыста коронавирус ін­детін жұқтырған барлығы 3229 адам тіркелген. Науқастардың бүгінгі күнге дейін 93,7%-і (3024) жазылып шықса, атал­ған инфекциядан облыс бо­йынша 9 науқас қайтыс болды. Сонымен қатар, корона­вирус инфекциясымен қоса, пневмо­ниямен аурушаңдық­тың өсуі­не байланысты тіркеудің жаңа тәртібі енгізілді.

Күшейтілген карантиндік режимді іске асыру барысында облыста эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақталды. Оның дәлелін облыстық ме­ди­циналық жедел жәрдем стан­сасына келіп түскен ша­қыртулар санынан көруге бо­лады. Ең көп шақырту 28 мау­сым күні түсіп, 2120-ны құраған. Бүгінгі күні ша­қыр­­тулар саны 52,4%-ке қыс­қар­ды.

Эпидмаусым басталғанда облыста барлығы 976 төсек-орын ұйымдастырылған бола­тын. Шілде айының басында стационарлар жүктемесінің 85%-тен артуына байланысты, төсек орын саны 2405-ке арт­ты.

Қазіргі таңда облыс бойын­ша төсек-орын тапшылығы жоқ. Алайда қажет болған жағ­­дайда 3000 төсек-орындық 21 ин­фекциялық стационар қайта ашылатын болады.

Сонымен қатар, үй жағ­дайында дәрігерлік және ди­намикалық бақылауды қажет ететін науқастарға меди­ци­налық көмектің қолжетім­ді­лігін арттыру мақсатында мо­бильдік бригадалар ұйым­дастырылды. Олардың 38-і қалада, 28-і аудан орталық­та­рында және 95-і елді мекен­дерде қызмет атқаруда.

Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін қаржылық қол­дау және COVID-19 коро­навирустық инфекциясын жұқ­тырған немесе аталған ин­фекциядан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне бір­жолғы әлеуметтік төлем қа­растырылған. Осы ретте 9988 қызметкерге 2062270,4 мың теңге төленді.

Облыс әкімі коронавирус инфекциясына қарсы шара­лар­ды жалғастыруды тапсырды.

«Кәсіпкерлермен келіссөз­дер жүргізіп, медициналық ұйымдарды қажетті құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастыры­ңыз­дар. Облыстағы қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұ­йымдардың жеткілікті болуы және қорғаныш заттарының кем дегенде 30 күндік қоры жасақталуы керек», – деді облыс әкімі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<