Токио-2020: Бүгін Ольга Рыпакова жарыс жолына шығады

806

0

Жапония астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 30 шілдедегі сайыстарында қазақстандықтар спорттың 2 түрі бойынша бақ сынайды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі сайыста Қазақстан атынан Лондон Олимпиадасының чемпионы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова бастаған жеңіл атлеттер сынға түседі. Сонымен, қазақстандықтардың ертеңгі жарыс кестесі мынадай:

09:15 – 100 метрге жүгіру. Әйелдер. Іріктеу кезеңі

Ольга Сафронова

16:05 – Үш аттап секіру. Әйелдер. Іріктеу кезеңі

Мария Овчинникова, Ирина Эктова, Ольга Рыпакова.

Бүгінгі жарыс күнінде жанкүйерлер жолына үмітпен қарап отырған теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда сүрінді.

Ал 75 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Әбілхан Аманқұл мен +91 келіде сайысқан Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен бастап, бокс жанкүйерлерінің көңілін жайландырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<