ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес Сырдария ауданында іссапармен болып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.
Халық қалаулылары Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесіп, ел игілігі үшін қабылданған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары туралы айтып өтті.
Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров пен «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып баяндады.
Мәжілісмен ауданға жасаған іссапары барысында Іңкәрдария ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<