Биыл тұтынушылар тарапынан келген арыз- шағымдар өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есеге көп болған. Олардың басым бөлігі тұрмыстық қызмет, қаржылық, медициналық, жолаушылар тасымалы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, бөлшек сауда саласына қатысты.
Брифингте сала басшысы құзырлы органга түскен өтініштердің 352-не жауап берілгенін және 63-і түсіндіріліп, 19-ы басқа мемлекеттік органга жолданғанын айтты. Нәтижесінде тұтынушыларға 2,3 млн. теңге қаражат қайтарылған.
-Департамент жанынан тұтынушылардың сұрақтарына жауап беру мақсатында «үйлестіру комиссиясы» құрылды. Осы кезеңге дейін аталған комиссияның 3 отырысы өткізілді. Алғашқы жиында бірқатар әлеуметтік-проблемалық мәселелер талқыланды. Мәселен, су, жылу, газбен жабдықтауда қызметтердің тиісті деңгейде көрсетілмеуі, қоқыс шығару бойынша сапасыз қызметтерге, пәтер иелері кооперативі ұйымның төрағасымен міндеттерінің тиісті деңгейде орындалмауына, медициналық қызметтер бойынша жедел жәрдемнің уақытылы және сапалы жұмыс істемеуі, ауруханаға жатқызудан негізсіз бас тарту, мекемелерде санитарлық нормаларының сақталмауы, медициналық мекемелердегі ұзын сонар кезектер және т.б. Осыған орай, әлеуметтік проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімдігімен бекітілді. Сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде,-деді облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов.
Айта кетейік, алдағы уақытта да департамент қызметкерлері әрбір тұтынушының көтерген мәселесін Заңға сәйкес оң шешілуі бағытында жұмыстарын жүргізе бермек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<