Үш жаңа жоба Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін күшейтеді

546

0

Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін өңірде агроөнеркәсіп кешенінде енгізілетін үш жоба күшейтеді. Осы өндірістердің бірі – қуаттылығы жылына 5 мың тонна болатын Қызылордадағы ет комбинаты. Оның құны – шамамен 900 миллион теңге. «Сыр маржаны» ЖШС базасында өндірісті енгізуде.

Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Қытай кәсіпкерлері комбинаттың болашақ өнімдеріне, яғни, салқындатылған етке қызығушылық танытты. Серіктестік БАӘ бизнесмендерімен меморандумға қол қойды. Кәсіпорынның ет өнімдерінің 50 пайызы экспортқа кетеді, екінші жартысы ішкі нарықта сатылады деп болжануда.

Комбинатта Қызылорда тұрғындары үшін 25 жұмыс орны ашылады. Жақын арада іске қосу жоспарланған экспортқа бағытталған тағы бір жоба – «Qazaq Camel» ЖШС сублимацияланған түйе сүтін өндіру цехы. Жобаның құны-бір жарым миллиард теңге. Ол өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген және 25 адам үшін жұмыспен қамтуды ұйымдастыруды көздейді. «Мұндай жаңа өндіріс бізде әлі болған жоқ», – деп атап өтті Қызылорда облысының әкімдігінде.

Шикізат Арал және Қазалы аудандарының түйе өсірушілерінен сатып алынады. Ал дайын өнімді, яғни ұнтақты сүтті «Ақ бота» брендімен Қытайға экспортқа жіберу көзделіп отыр. Қармақшы ауданында да экспортқа бағдарланған жаңа жобаны іске асыру аяқталуда. Бұл жылына 1 500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы.

«Жобаның құны 1,9 миллиард теңге», – деп нақтылады облыс әкімдігінде. Кәсіпорында 70 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 1,2 миллиард теңгеге жүргізілді. Осы қаражатқа фабрика әкімшілігінің ғимараты, бақылау-өткізу пункті, 6 құс қорасы мен инкубациялық цех салынды, мал сою цехының шатырының астына металл конструкциясын монтаждау жүргізілді, нысанның аумағы толығымен қоршалды.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша фабрикаға коммуникацияларды жүргізу үшін 400 миллион теңге бөлінді. Бұл нысан-«Ақтөбе и К» ЖШС мен «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бірлескен жобасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<