Ұлттық қорда қанша ақша қалды?

465

0

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында Ұлттық қордағы активтердің мөлшерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Ұлттық қордың активтері биылғы жылғы тамыздың соңында 56,9 млрд АҚШ доллары болды. Тамызда 396 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлу үшін 845 млн АҚШ доллары сатылды. Тамызда Ұлттық қорға түскен түсімдер – 420 млрд теңге», – дейді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, тамызда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасып, 316 млн доллар болған. Тамыз айында акциялардың 431 млн долларға немесе 2,52%-ке өсуі облигациялар мен алтын бағасының төмендеуіне айбалыснты туындаған шығындарды жауып кеткен.

«Жыл басынан бері Ұлттық қордың инвестициялық кірісі акциялар нарығында өсіп, 2,3 млрд доллар немесе 4,11% болды», – деді Ерболат Досаев.

Еске салсақ, Ұлттық банк төрағасы жыл соңына дейін инфляцияның қай деңгейге баратынын болжады.

«Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр қуаты бағасының өсуі 10,1%-ті құрады. Сұранысты қалпына келтіру аясында тұрғын үйді жалға алу бағасы, қоғамдық тамақтану, газ және жолаушылардың әуе тасымалының бағасы өсті. Болжамдық раундтың қорытындысы бойынша Ұлттық банк биылғы жылдың соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% дәлізінде қалыптасады деп күтуде. Оның төменгі шекарасы Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып айқындалған», – деді ол Үкімет отрысында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<