УНИВЕРСИТЕТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСУДЕ

364

0

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСУДЕ Жыл өткен сайын университеттің халықаралық байланыстар көкжиегі кеңейе түсуде. 2018 жылдың басында университет делегациясы бірінші Венгрия-Қазақстан Форумының жұмысына қатысып, Венгрияның 3 жетекші университетімен Келісімшарттарға және меморандумдарға қол қойды. Университеттің әріптестік байланыс орнату және халықаралық қатынастарды нығайту жұмыстары мақсатты түрде жүргізіліп отырады.     

Қазіргі кезде университет ректоры, т.ғ.д. профессор Қ.А.Бисенов бастаған университет делегациясы Болгарияның ЖОО мен ғылыми мекемелеріне ресми іссапарда жүр.

Биылғы жылдың 30 сәуірінде университет делегациясы  Қасиетті Климент Охридский атындағы София мемлекетттік университетінің профессор Александр Федотов басқаратын Шығыс тілдері және мәдениеті орталығында болды. Орталықта аккредиттелген елдердің елшіліктері және консульстволарымен бірлесіп жұмыс жүргізілуде, олардың көмегімен тілдік және мәдени орталықтар ұйымдастырылды. Шығыс тілдері және мәдениеті орталығы жанында Конфуций институты, арменистика және кавказтану орталығы, корейтану орталығы, әзірбайжан тілі орталығы, корей тілі кабинеті, араб тілі кабинеті, Индонезия бұрышы және т.б. жұмыс істейді.   

Шығыс тілдері және мәдениеті орталығының директоры профессор Александр Федотов осы орталықтың құрылу тарихы туралы айтып берді.  Орталық өкілдері елшіліктер және консульстволармен бірлесіп іс-шаралар өткізеді, және Орталық оқушыларының  елшіліктер мен консульстволардағы іс-тәжірибелерін ұйымдастырады. Қазақ тілі орталығының жетекшісі қауымдастырылған профессор Баян Райханова Қазақ тілі және Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеу кабинеті Қазақстан Республикасы Дипломатиялық миссиясының жетекшісі Теміртай Рымтайұлы Ізбастиннің белсене араласуымен мәдениет, ғылым және тарих салаларында ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін құрылғанын айтты. Қазақ тілі кабинеті жөндеуден өткізіліп, қазақ тілін үйреніп жүрген студенттерге ыңғайлы болуы үшін замануи жабдықтармен және жаңа оқу материалдарымен (сөздіктер, кітаптар) жарақтандырылған.

Университет делегациясы  Болгар Ғылым және өнер Академиясында болып, осы мекеменің жұмысымен танысты. Ғылыми зерттеулер, дәріс оқуға ғалымдарды шақыру және академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында семинарлар өткізу, бірлескен ғылыми әзірленімдер мен жобалар жүргізу салаларында екіжақты ынтымақтастық жасау туралы келіссөздер жүргізілді.    Келіссөздердің нәтижесінде Мекемелер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, талқыланды.   

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі 2018 жылдың 1 мамырында өтті. Бұл күн екі елде де мерекелік күн болса да, Академияның ғалымдары мен басшылары осы мереке күні қол қою рәсімін өткізуге ықыласпен келісті. Ынтымақтастық туралы Меморандумға Болгария Ғылым және өнер Академиясының  президенті, профессор Григор Велев және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, профессор Қ.А.Бисенов қолдарын қойды.  Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсіміне  Болгариядағы Қазақстан Республикасы Дипломатиялық миссиясының жетекшісі Теміртай Рымтайұлы Ізбастин, Академияның көпшілікпен байланыс бөлімінің жетекшісі академик, доктор Маргарита Каменова, профессор Георги Валчев, академик, профессор Николай Петров және Академияның басқа да қызметкерлері қатысты.

Академия президенті өз сөзінде  «бізде көптеген ғылыми проблемалар бар, оны бірлесіп шешуге болады» дей келе, Академия мен  университет арасындағы әріптестік байланыстар жемісті әрі сәтті болатынына сенім білдірді.

Университет делегациясы, сонымен бірге, Снежана Тодорова басқаратын Болгария журналистер Одағында болды. С.Тодорова ханым журналистер одағының ұжымы жүргізіп отырған жұмыстар туралы, сөз, баспа бостандығы туралы және баспасөздегі пікірлер плюрализмі үшін жүргізіліп отырған жұмыстары туралы айтты.  

Университет делегациясының болгарлық ЖОО-да іссапары жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<