Ұзақ өмір: Түнде қанша сағат ұйықтаған жөн?

524

0


Дұрыс ұйықтау мен дұрыс тамақтану – ұзақ өмір сүрудің кілті. Бұл жөнінде Мassaget.kz жазды.

Дұрыс тамақтануға жеміс-жидек пен көкөністі көбірек жеу жатса, физикалық белсенділікке үнемі қозғалу, қимылдап жүру жатады.


Осылардың ішінде адам денсаулығына әсер етер, өмір сүруін ұзартар нәрсенің бірі – ұйқы. Адам ұйықтаған кезде, денесі тынығып, қалпына келеді. Егер адам дұрыс ұйықтамаса (ұйқысы қанбаса), имунды жүйесі әлсірейді. Америка ғалымдарының айтуынша, адам күніне кем дегенде 7 сағат ұйықтауы тиіс.

«Адамның жасармасы анық. Уақыт өте қартаяды. Өкінішке қарай, жасару элексирі жоқ. Бірақ адамның ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі бар. Кез келген адам туғанда-ақ барынша ұзақ өмір сүруге бейім қалыпта өмірге келеді. Бар болғаны – денсаулыққа дұрыс қарау. Аз ғана нәрсенің өзі денсаулыққа зор пайда әкелуі мүмкін. Түнде жақсылап ұйықтау – адамды күйзелістен арылтады. Күш-қуат береді. Күніне кем дегенде 7 сағат ұйықтаған дұрыс. Қанық ұйықтаған адамның дене талшықтары толық қалпына келіп, иммунды жүйесі жақсарады», – деп түсіндіреді АҚШ-тың Canyon Ranch орталығының мамандары.

Дұрыс ұйықтауға барынша мән беру керек. Содан ми мен дене бөлігінің бағдарламасы жөнделеді, күн тәртібі орнығады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<