Үйлену тойында қайырымдылық жасады

682

0

Үйлену тойында қайырымдылық жасады Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Жастардың мұндай қайырымдылық шарасы туралы қалалық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Facebook-тегі парақшасында жазды. «Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет «Ислам жəне отбасы жылы» деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты – жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, Сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде», – деді алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы.

Жас жұбайлар шын жүректен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді.

Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірген.

Үйлену тойында қайырымдылық жасады Үйлену тойында қайырымдылық жасады Үйлену тойында қайырымдылық жасады Үйлену тойында қайырымдылық жасады 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<