ЫНТЫМАҚ – ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ, ЫҚЫЛАС – ЕҢБЕК ТЫНЫСЫ

504

0

ЫНТЫМАҚ – ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ, ЫҚЫЛАС – ЕҢБЕК ТЫНЫСЫ

Облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың облыстық мәслихаттың кезекті ХХІ сессиясында сөйлеген сөзі

Құрметті депутаттар мен әріптестер!
Бүгін біз алғашқы жарты­жылдықты қорытындылаймыз.
Негізгі баяндаманы бастамас бұрын, осы сәуір айында респуб­лика бойынша жалпыөңірлік өнім (ЖӨӨ) өндірудің 2017 жылғы қорытындысы шығарылғанын хабарлауды жөн көрдім. Бұл көрсеткіш – аймақтың барлық сала бойынша экономикалық іс-қимылының жылдық қорытынды нәтижесі.  
Сонымен, 2017 жылы облыс­та жалпы құны 1,5 трлн теңгенің өнімі шығарылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,8%-ке көп.
Біріншіден, біз жалпыөңірлік өнім бойынша соңғы 4 жылда, алғаш рет оң векторға шықтық. Бір ғана өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемі осы жылдары 56%-тен асып түсті.    
Яғни, соңғы жылдары көмір­сутегі және уран өнімдерінің бағасы түсіп кеткеніне қарамастан, жақсы өмір сүріп, қарқынды дамуға болатынын біз дәлелдедік. Қазір өңір экономикасының көмірсутегі шикізатына тәуелділігі едәуір азайды. Айтарлықтай төмендеді.  
Биылғы жартыжылдық та облы­с­ымыз үшін табысты болды деп айта аламын. Барлық макрокөрсеткіштер бойынша жағымды оң динамикаға қол жеткіздік.
Оның ішінде инвестициялар көлемі (117,2%), құрылыс жұмыстары (115,9%), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (102,7%) және өңдеу өнеркәсібі көлемі (100,5%) жоғары.
Ал, өңдеу өнеркәсібі сала­сындағы еңбек өнімділігі биылғы бірінші тоқсанның өзінде 10%-тен асса, шикізаттық емес өнім экс­портының көлемі 2,7 есеге көбейді.  
Облыс бойынша мұнай өндіру көлемінің жылдан жылға азаю­ын ескерсек (жыл басынан бері өндірілген мұнай көлемі былтырғымен салыстырғанда 250 мың тоннаға жетпейді), өнер­кәсіптік өндіріс көлемі бойынша аздап қалып келеміз (95,3%) және тұрғын үй беру бойынша (74,3%) біршама жетпей тұрмыз.
Дегенмен, тау-кен (122,8%) және өңдеу өнеркәсіптеріне (3,1 есеге өсу бар) салынған инвестициялардың оң динамикасы мен  мұнай нарығына қатысты жағымды болжам жасалып отырғанын және жыл соңына дейін 36 көпқабатты тұрғын үйлердің берілетінін ескерсек, жылдың аяғына дейін осы  екі көрсеткіш бойынша да өсім қамтамасыз етіледі деген сенімді болжам бар.
Әлеуметтік тұрақтылық орнықты сақталуда. Бағаның елеусіз көтерілгеніне қарамастан (103,1%), бөлшек тауар айналымындағы (101,1%) оң динамика біз үшін өте маңызды. Бұдан халықтың сатып алу қабілетінің біршама жоғарылағанын көреміз.
Экономикадағы оң үдерістің ықпалы жыл бойы өңірдегі жұ­мыссыздық деңгейін 4,8%-тен асыр­май  ұстауға мүмкіндік беруде. Бұл тіпті республиканың орташа көр­сеткішінен бірнеше сатыға төмен.
ЫНТЫМАҚ – ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ, ЫҚЫЛАС – ЕҢБЕК ТЫНЫСЫ Енді барлық жұмысымызды сала бойынша шолып өтейін.
Индустрияландыру. Бұл – өзі ұзақ процесс. Сондықтан, экономиканы әртараптандыру биыл да біздің басты міндетіміз болып қала береді.
Өздеріңізге белгілі, Индустрияландыру картасының аясында біз 22 жобаны жүзеге асырдық, қазір оның 16-сы бойынша өнім өндіріліп,  1700 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Биылғы 6 айда осы жобалар шеңберінде жалпы құны 11 млрд теңгеден астам өнім шығарылды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 30%-ке артық. Ал, осы Карта жобалары  негізінде өндірілген өнім экспорты 37%-ке көбейген.
Қазір жалпы құны 620 млрд теңге болатын, экспортқа бағдарланған тағы 26 жобаны жүзеге асыру жұмыстары бас­талды. Нәтижесінде, тағы да 6 мыңнан астам жұмыс орны  құрылады. Оның ішінде 4 жоба бойынша – молибден өндіру және балық өңдеу, сонымен қатар, цемент және шыны зауыттарын осы жылы іске қосатын боламыз.
Шыны зауыты бойынша құ­рылыс-монтаждау жұмыс­та­ры ағымдағы жылдың IV тоқ­санында аяқталады, ал, жел­тоқсан айында Мемлекет бас­шысының қатысуымен өтетін телекөпір барысында зауыт пешін іске қосамыз. Біз, негізінде, пешті іске қосуды осы  шілде айына жоспарлаған болатынбыз, алайда, біздің өкілеттігімізден тыс жайттарға байланысты (инвесторлар арасындағы проб­лемалардың себебінен) зауытты іске қосу мерзімін кейінге шегеруге тура келді. Осы жерде мен атақты жазушы Вольтердің «Ұлы істер үлкен кедергісіз бітпейді!» деген сөзіне келісемін. Туындаған барлық кедергілерге қарамастан, біз мәре сызығына келіп қалдық десек те болады.    
Айтқандай, Қытайдың шыны өндіретін зауыт салудан мол тәжірибесі бар трансмемлекеттік «Чайна Триумф»  компания­сы осы шыны зауытының құрыл­тайшылар құрамына өткен айдан бастап кірді.
Енді бұл компания  жоғары технологиялық зауыт құрылысына инвестор ретінде қатысып, смартфондар мен планшеттердің күн сәулесінен қорғайтын панельдеріне арналған аса жұқа және өте мөлдір шыны жасап шығаруды да көздеп отыр. 150 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жобаны Қызылорда облысының индустриялық аймағында жүзеге асыру жоспарланған.
Сонымен қатар, желтоқсан айында өтетін телекөпір аясында біз Мемлекет басшысына тампонажды цемент өндіретін зауытты да іске қосуды ұсынамыз.
Бұл шамамен 260 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық өндіріс екенін ескерсек, қазірдің өзінде 200-ге жуық жергілікті тұрғын іріктеліп, осы зауытқа жұмысқа орналасу үшін мақсатты түрде арнаулы білім алып жатыр. Содан кейін, инвесторлардың ұсынысы бойынша, олардың ішінен бір тобы іріктеліп, Қытайға оқуға жіберіледі. Қазір 46 адам сол жақта оқып жатыр.
Сондай-ақ, басқа да ірі инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар қатар жүруде. Атап айтқанда, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында әзірлік жұмыстарын аяқтап, кен-байыту комбинаты құрылысының қар­жыландыру мәселесі толық­қанды шешілді, жұмыс бас­талды.
«Баласауысқандық» ванадий кен орнында жыл соңына дейін айына 10-нан 50 тоннаға дейін ванадий бестотығын өндіру көлемін ұлғайту жос­парланып отыр. Салыстырсақ, бүкіл 2017 жылы 51 тонна ванадий бестотығы шығарылған екен. Осындай болса да, былтыр кәсіпорын аммоний мета­ванадатының экспорт көлемін 3 есе ұлғайтса, биылғы 6 айда  тағы 3,1 есеге арттырды.  
Биыл маусым айында кальций­лендірілген сода шы­ғара­тын республикадағы ең ірі  зауыттың қазығы қағылды. Біз бұл жобаны бірнеше рет тал­қыладық. Жұмыс басталды. Бұйырса, 2020 жылы зауыт іске қосылады.
Түрік инвесторларымен бірігіп керамикалық плиталар мен керамогранит өндіру жобасы бойынша жұмыс нәтижелі жалғасуда.
Жаңа бәсекеге қабілетті индус­триялар құрудың маңызды шарты инновацияларды қолдау және оларды тез арада өндіріске енгізу болып табылады.
Сол себептен де,  мұнай компанияларымен жүргізілген  келіссөздер нәтижесінде алғаш рет негізгі жұмысы аймақтағы инновациялық өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Өңірлік инновациялар офисін құруға  қаржы бөлінді.  
Біз бұл мақсатты халық­аралық инвест және интернет-форумдар өткізу арқылы жүзеге асырамыз.
22 маусымда «Цифрландыру: өңірді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ІІІ Халықаралық Интернет-форум өткіздік. Оған Ресейден, оның ішінде Татарстаннан, Қытайдан, Белоруссиядан, Украинадан, сонымен қатар, цифрландыру саласы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы  компаниялары – «Huawei» (Қытай), «Dell» (АҚШ), «Сколково» (РФ) және т.б. өкілдері қатысты.
ЫНТЫМАҚ – ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ, ЫҚЫЛАС – ЕҢБЕК ТЫНЫСЫ орумның нәтижесінде IT-жобаларды жүзеге  асырудағы  ынтымақтастық туралы  Халық­аралық «Astana Hub» стартап-хабы, «Smart city»  технологиясын енгізу бойынша Беларустық «Какаду Девелопмент», сондай-ақ, цифрландыру бойынша Қа­зан қаласындағы ресейлік «Барс Групп» және қазақстандық  «Транс­телеком» компаниялары­мен меморандумдарға қол қойылды.
Облысымыздың қашаннан аграрлық өңір екендігін ескерсек, жұмыстың келесі бір ірі ауқымы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіледі. Осы орайда, облыстың аграрлық секторы дамудың жақсы қарқынын көрсетіп отырғанын атап көрсетуіміз керек.
Соңғы жылдары (2013-2017 жж.) облыстың жалпыөңірлік өнім құрылымында ауыл шаруа­шылығының үлесі 2,5%-тен 3,7%-ке дейін артты, бұл өңір эко­номикасы құрылымында сапа­лы өзгерістер бар екендігін көрсетеді.  
Осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвес­тиция көлемі 23 есе, тамақ өнімдерін өндіру 5 есе артты. Тек биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 85%-ке, ауыл шаруашылығы өнімдерін өн­діру көлемі 2,7%-ке, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 15%-ке артса, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемі өнімнің заттай көрінісінде 7,3%-ке  ал, қаржы эквивалентімен 66%-ке өсті.
Егін шаруашылығын әртарап­тандыру бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Соңғы 5 жылда мал азығы дақылдары мен майлы дақылдар алқабының көлемі 18 мың гектарға (2014 жылмен салыстырғанда 2018 жылы) артты.
Өнеркәсіптік бағытта біз картоп, көкөніс және бақша өнім­дерін өндіруді дамыта бастадық.
Ағымдағы жылы Қызылорда қаласында Испан технология­сы бойынша жұмыс істейтін автоматтандырылған алғашқы жылыжай кешені салынады. Бұдан басқа, Шиелі ауданында тағы да 20 жылыжай салу жоспарланып отыр. Бұл маусымаралық кезеңде халықты жаңа өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңақорған ауданында түрік инвесторларының қатысуымен қызанақ өсіретін ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Қазір қызанақтың Түркия елінен әкелінген сорттарына сынақ жүріп жатыр.
Агроөнеркәсіп кешенін клас­тер жүйесімен дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Өздеріңізге белгілі, 2013 жылы біз Жалағаш элеваторын сатып алып, «Байқоңыр» ӘКК жанынан облысымыздағы күріш кластерін қалыптастыруға негіз болатын «Агрохолдинг» құрдық. Кластер жүйесін енгізе отырып, біз пайда әкелетін  және бәсекеге қабілетті күріш өсіретін шаруа қожалықтарының санының артуына қол жеткіздік.  
Қазіргі таңда «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы күріш және балық кластерлерін одан әрі дамыту, сондай-ақ, мал шаруашылығы, өңдеу және логистика салаларында кластер құру жұмыстарын қолға ала бастады. Бұл үшін қажетті қаржы қазірдің өзінде бюджеттен бөлінді.
Ауылшаруашылық өндірісі табиғи құбылыстар мен басқа да бірқатар факторға барынша тәуелді, әлсіз сала болып табылады.
Ал, цифрлық технология­ларды енгізу нақты бизнес-үдерістерді жобалауға, соны­мен қатар, нәтижені де бол­жауға негіз болатын  табиғат факторларын талдауға және болжауға мүмкіндік береді. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға ғана емес, табиғи ресурстарды не­ғұрлым үнемді пайдалануға, пестицидтер мен минералды тыңайт­қыштарды пайдалануды сиретуге, бір сөзбен айтқанда, эколо­гиялық таза органикалық өнімдер өндіруге мүмкіндік береді.
Болашақтың технология­лары немесе «жасыл» технологиялары бар осындай ферма Жалағаш ауданында құрылды. Оның макеті EXPO-2017 көрмесіне ұсынылды. Бұл – танапты «тамшылатып суару» әдісін қолдана отырып және күн сәулесі мен жел энергиясының көмегімен жерасты су көздерін пайдалану арқылы суарудың  гибридті жүйесі. Біз бұл жобаны қол­дадық және жеке фермерлік  шаруашылыққа осы технологияны енгізу үшін өз алдына аумақ бөліп бердік.  
Бұл ноу-хау шөл және шөлейт аймақтарды мал шаруашылығын дамытуға ғана емес, сонымен қатар, жеміс-жидек дақылдары мен көкөністерді өндіруге қа­лай пайдалануға болатынын көрсетеді.
Айта кету керек, соңғы төрт жылда облыста отарлы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру бойынша 220 жоба жүзеге асырылды. Бұл жобалардың көпшілігі күн энергиясын пайдалануға негізделген. Жоба мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.  
Біздің міндетіміз – мал өсіру ғана емес, сонымен қатар, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған мал шаруашылығы өнімдерін өндіру.
Біз жыл сайын мал басын арттыру мен мал шаруашылығы өнімдері көлемін ұлғайтуға қол жеткіздік. Енді бізге заманауи ет комбинаттары, сүт зауыттары, құс фабрикалары қажет. Сондықтан, ағымдағы жылы осы салаларды дамыту бойынша бірқатар жобаларды іске асырудамыз.  Атап айтқанда, жыл соңына қарай   Қызылорда қаласында ет комбинатын салуды бастаймыз («Сыр Маржаны» ЖШС).
Бұл кәсіпорынға  шикізат жеткізу үшін жобалық офис аясында «якорлық кооперация» қағидаты негізінде, яғни, өнімдерді сатуды қамтамасыз ететін,  ірі бордақылау алаңдары бар, әлеуеті шағын және орта фермерлерді біріктіре отырып, ет өндіру бойынша аймақтық кластер құрамыз.
Бұл мақсатта облыста (Қазалы, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласында) мал өсірумен айналысатын шағын және орта ферма қожалықтарын тарта отырып, 7,5 мың бас малды бір мезгілде бордақылайтын (олардың 2-і ӘКК қатысуымен)    3 бордақылау алаңы құрылды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы Жаңақорған, Жалағаш және Қазалы аудандарында асылтұқымды баспақ өсіру үшін 3 репродукция орталығын құруға қаржы бөлінді.
ЫНТЫМАҚ – ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ, ЫҚЫЛАС – ЕҢБЕК ТЫНЫСЫ Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі біздің өңірімізде сүт өнімдерін өндіруді дамытуды қолдамаса да, біз бұл саланың маңыздылығын ескере отырып, ағымдағы жылы Шиелі ауданында 1200 бас ірі сүт өнімдері тауарлары фермасын іске қосуды және өңірімізде табиғи сүт өндіру үлесін арттыруды жоспарлап отырмыз.
Ал, келесі жылы сүт өндіру комбинатының құрылысына кірісеміз. Ішкі нарықты толық қамтығаннан кейін өнім­де­рі­мізді сыртқы нарыққа да шы­ғарып, бұдан да пайда жасауды үйренетін боламыз.
Мал шаруашылығымен ай­на­лысатындар үшін де кепіл­дендірілген азық базасын құруды да ойлап отырмыз. Мал азығы өнімдері үшін берілетін жер аумағы ағымдағы жылы 1,3 мың гектарға көбейді.
Бұдан басқа, ауылшаруа­шылығы кооперациялары ар­қылы мал шаруашылығын дамытуға жеке қосалқы шаруа­шылықтарды мақсатты түрде  тартып отырмыз.
Соңғы бір жарым жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтан құрылған 105 кооперативтің 73-і мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.  801 отбасылық  мал бордақылау алаңы мен 385 сүт өнімі қожалықтары құрылды. Бір ғана 2018 жылы 250 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру жолымен 18 кооператив құрылды. Егер 2017 жылы кооперативтер 1 жылда 342 тонна ет пен 133 тонна сүт өндірсе, 2018 жылдың І тоқсанында ғана олар 206 тонна ет пен 252 тонна сүт өндірген.  
Өздеріңізге белгілі, былтыр Шиелі ауданында жұмыртқа өндірісін дамыту мақсатында алғашқы құс фабрикасы өз жұмысын бастады.  Бұдан басқа, Қызылорда қаласында да екі құс фабрикасы іске қосылды. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 6 айында құс саны 36%-ке, ал, жұмыртқа өндіру 45%-ке артты.
Ағымдағы жылы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп  Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна ет өндіру қуаттылығы бар тағы бір құс фабрикасының құрылысына кірістік.
Нәтижесінде, 2019 жылы біз бүгінгі таңда жұмыртқа өндіруді көлемін 5,5%-тен 22,7%-ке, құс етін өндіруді 0,7%-тен 46,8%-ке көбейтуді жоспарлап отырмыз.
Елбасы биылғы Жолдауында аграрлық саланың алдына стратегиялық маңызы бар екі міндет қойды: еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өндірілген өнім экспортын ұлғайту.
Тапсырма оңай емес. Алайда, тапсырманың орындалуы аграрлық саланы жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, ауылшаруашылық саласына бейім аймақтардың дамуына және де ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік жағдайының жақсаруына да мүмкіндік береді. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін біз 2018-2022 жылдарға арналған «Агрокарта» нақты іс-шаралар жоспарын жасап бекіттік.  
Жалпы алғанда, іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылдың өзінде құны 7 млрд теңге болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта экспорттық әлеуетті арттыру және өткізу нарығын ұлғайту жұмыстары мақсатты жүргізіліп отыр.  
Егер естеріңізде болса, 2016 жылы бақша өнімдері экспортын, ал, 2017 жылы көкөніс және мал өнімдері экспортын қайта жаңғыртқан болатынбыз.Ағымдағы жылы мақсары майын экспорттауды бастадық, алғашқы 11 тоннаны наурыз айында Қытай еліне жібердік. Жыл соңына дейін тағы 500 тонна май экспорттауды жоспарлап отырмыз. Және бұл шегі емес. Өткен айда ғана қытайлық серіктестер өндірілетін май көлемін арттыру және шикізат өнімдерін сатып алуға байланысты фьючерстік келісім жүргізуді ұсынды.
Мақсары майы тек Қытай елінде ғана емес, сонымен қатар, Иран мемлекетінде де сұранысқа ие. Сондықтан, алдағы уақытта мақсары дақылын егуге арналған жер аумағын екі есе ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.
Өздеріңіз білесіздер, буфер­лік аймақтан шығуымыз бізге мал өнімдерін экспорттауға мүмкіндік берді. Былтырдың өзінде 2 мың бас қойды Араб әмірліктеріне, Иранға және Моңғолияға экспорттадық.
Жақында Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі мал шаруа­­шылығын дамыту бағдар­лама­сын қабылдады, бағдарлама ая­­сында ет экспортын ұлғайту көзделген.
Бұл үшін барлық алғы­шарттар бар. Біріншіден, ірі қара етін импорттаудан алғашқы орында тұрған екі мемлекетпен көршілес орналасуымыз: Қытай  жылына 1 млн тонна, ал, Ресей 700 мың  тонна ет тұтынады. Екіншіден, бұл әлемде 5-орынға ие пайдаланылмаған жайылым жерлерінің әлеуеті.
Бұдан басқа, бұл бағ­дар­ламаны іске асыру үшін «Сыбаға» несие бағдарламасы бойынша арнайы жеңілдетілген және ұзақмерзімді несиелік ресурстар бөлінді. Бұл мал шаруашылығы саласын дамы­туға жақсы серпін береді.
Балық шаруашылығы қай­тадан экономиканың маңызды саласының біріне  айналып отыр. Балық аулау соңғы бес жылда екі есе өсті. Бүгінгі таңда бізде 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жа­­сайды, олардың  төртеуінің еуро­коды бар. Нәтижесінде, ба­лық өнімдерін экспорттау осы жылдары 8 есеге өсті! Ағым­дағы жылдың басынан бер­гі  экс­порттың көлемі 32%-ті құра­ды.
Міне, сондықтан да табиғи су қоймаларының балық қо­рын пайдаланумен қатар облысымызда тауарлық балық шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылданып, саланы, өзім айтқандай, бөлек клас­тер етіп бөлу және оны жүйелі дамыту жоспарланып отыр.
Бұған қоса ағымдағы жыл аясында ауыл шаруашылығы өнімдері сатылымының тиім­ділігін қамтамасыз ету, оның ішінде «жобалық басқару» шеңберінде өнімдерді шетел нарығына шығару үшін «Агробиржа» электронды сауда алаңын жасадық. Қазіргі таңда оны дамыту бағытында жұмыс жүргізудеміз.
Жалпы, ағымдағы жылы біз ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемін кем дегенде 7%-ке көбейтуді, еңбек өнімділігін 6,6%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді 4,5%-ке, ал, экспорт көлемін 20%-ке өсіруді міндет етіп қойып отырмыз. Өткен кезеңдегі аралық индикаторлар бұл көрсеткіштерге қол жеткізуге болатындығын көрсетіп отыр.
Біздің жұмысымыздың та­­ғы бір маңызды бағыт­та­ры­­ның бірі – суармалы жер­­лердің су шаруашылығы ин­фра­құрылымын қалыпқа кел­тіру.
Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ирригациялық және дренаждық инфрақұрылымның нашарлауы салдарынан суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі  пайдаланылмай отыр.
Біздің аймақ Сырдария өзе­нінің төменгі ағысында орна­­лас­қандығын және жоға­рыда орналасқан көрші мем­лекеттердің шешімдеріне толықтай тәуелділігімізді ес­керетін болсақ, ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту стратегиялық сипатқа ие болады және өздеріңіз білетіндей, биылғы жылы біз үшін су тапшы болып отыр.
Сондықтан, бірнеше жылдар бойы судың қажетті көлемімен қамтамасыз етілген 188 мың га суармалы жерді қалпына келтіруге бағытталған үш жобаны жүзеге асыру үшін жүйелі  жұмыс жасап отырмыз.
Жеке алғанда, екінші фаза шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен «Ирригациялық және дре­наждық жүйені жетілдіру»  жоба­сының екінші фазасы 2017 жылы Жалағаш ауданындағы 15 мың га су шаруашылығы нысандарын төлқұжаттауды аяқтап, оларды республиканың меншігіне өткіздік. Енді қазіргі уақытта ирригациялық жүйені қалыпқа келтіру үшін республикалық бюджеттен 16 млрд теңге инвестиция тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Сонымен қатар, былтырғы жылы облыстың барлық аудандарында тағы да 29 мың га суармалы жердің гидротехникалық құ­рылысын төлқұжаттау аяқ­талды. Бүгінде Жалағаш, Жаңа­қорған және Қазалы аудандарының нысандары рес­публикалық меншікке толы­ғымен берілген, басқа аудандар бойынша бұл жұмыстар аяқталып келеді. Бұл бізге халықаралық қаржы ұйымдары арқылы нысандарды қалыпқа келтіруге 13 млрд теңге инвестицияны тартуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, жобаның үшінші фазасын іске асыру аясында ағымдағы жылы тағы 144 мың га ирригациялық жүйені төлқұжаттауды бастадық.
Қазақстан бойынша Үкімет жоспарына сәйкес осы жоба шеңберінде 4 облысқа тиесілі 312 мың га жер қамтылады. Об­лыстық құрылымдардың жүр­­гізген мақсатты жұмыс­тары­ның нәтижесінде жобаға сай қайта қалыпқа келтірілетін жердің 50%-ке жуығы Қызылорда облысының үлесіне тиіп отыр. Бұл – болашақ үшін жақсы негіз.    
Бірнеше жылдан бері біздің үздіксіз жұмыс жүргізіп жатқан ең маңызды су жобамыз деп Солтүстік Аралды сақтап қалуға бағытталған жобаны айтуға болар.
Өкінішке қарай, «Сырдария өзені арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау» (САРАТС-2) жобасы бойынша Дү­ниежүзілік банкпен жүргізген жұ­мыстар біз күткен нәтижені бермеді.
Біз Дүниежүзілік банкпен келіссөздер жүргізіп жатқаны­мызда жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз 2,5-3 млрд текше метр су кетіп жатты. Осылайша, 12 жылда 30 млрд текше метр суды жоғалттық.
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Кіші Арал теңізінің көлемі 27 млрд текше метр су. Демек, осы жылдары біз Кіші Аралға қарағанда, көбірек су жоғалтқанбыз.
Одан бөлек, жыл өткен сайын жағдай үдей түсіп, тұрғындар үшін қауіп-қатер артып келеді. Сондықтан да, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін САРАТС-2 жобасының 4 компонентін республикалық бюджет есебінен жүзеге асыра бастау туралы шешім қабылданды.
Үш компоненті (Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қор­ғаныс бөгеттерін нығайту, өзен­нің Жалағаш ауданындағы «Қор­ғанша» және «Тұрымбет» учаскелеріндегі арнасын түзету және «Қызылорда» су торабында кешенді жөндеу жүргізу)  «2017-2020 жылдарға арналған «Тасқын су қатерінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасы шеңберінде, ал, бір компоненті (Қазалы ауда­нындағы Бірлік елді мекені жа­нында көпір құрылысын жүр­­гізу) Аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асыру жоспарлануда.
«Қызылорда» су торабына кешенді жөндеу бойынша инвестициялық ұсыныс дайындалып, Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық қорытындысы алынған. Қазіргі күні Ауыл шаруашылығы министрлігі жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге қаржы бөлдірту үшін (198 млн теңге) Қаржы министрлігіне бюджеттік тапсырыс беруге қажетті экономикалық сараптаманы «Қазақстандық ТЖО орталығы» акционерлік орталығынан алуға қаржы-экономикалық негіздеме дайындауда.
Екі компонент бойынша Қармақшы, Қазалы аудан­дарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту және Сырдария өзенінің Жалағаш ауданындағы «Қорғанша» және «Тұрымбет» учаскелеріндегі арнасын түзету бойынша облыстық бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді.
Қазіргі таңда осы ком­понент­терді іске асыруға республика­лық бюджеттен қаржы тартуға жұ­мыс жүргізудеміз. Оларды «2017-2020 жылдарға арналған «Тасқын су қатерінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасы шеңберінде іске асыруды жоспарлаудамыз. Жобаның құны – 2,5 млрд теңге.
Төртінші компонент – Қазалы ауданындағы Бірлік елді мекені жанындағы көпір құрылысын жүргізу бойынша ағымдағы жылы біз жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындаймыз, содан кейін бұл ком­понентті республикалық бюд­жеттен қаржыландыру үшін Инвестициялар және даму ми­нистрлігіне ұсынылады.
Осылайша, САРАТС-2 жобасын іске асыру жұмыстары басталып кетті деп айтуға болады.
Мұнан бөлек, ағымдағы жыл­­дың 27 сәуірінде Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Ми­нистр­і­нің орынбасары Ө.Шө­кеев­­­тің төрағалығымен «Сыр­­­дария өзенінің арнасын рет­­теу және Солтүстік Аралды сақтау» (САРАТС-2) жобасын іске асыру бойынша мә­жіліс өтті. Талқылаулардың қоры­­­тын­дысы бойынша Сол­түстік Арал жобасының қалған ком­поненттерін жүзеге асыру жөнін­дегі ұсыныстар дайындалды.
Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасы бюджеті есебінен (Дүниежүзілік банк несиесінсіз) «Көкарал» бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастайтын боламыз (Ол Солтүстік Арал жобасы бойынша жұмыстарды өзбек тарапының келісімінсіз бастай беруге негіз болады. Өйткені, біз жаңадан ештеңе салмаймыз, тек САРАТС-1 жобасы аясында салынған «Көкарал» бөгетінің бұзылуының алдын аламыз).
Жоба су ағызу құрылғысы бар «Көкарал» бөгетін нығайту және Сырдария өзенінің «Қарашалаң» және «Тұщыбас» көлдері арқылы өтетін тармағын қалпына келтіруді қарастырады.
Екінші кезеңде Дүниежүзілік банк несиесі есебінен  құрамына «Суармалы жерлердің ирри­гациялық-дренаждық жүйесін жетілдіру»  жобасы қаралған «Арал өңірін одан әрі дамыту және экологиясын жақсарту» бағдарламасын коллекторлық-дренаждық суларды Арал теңі­зіне жеткізу мүмкіндігімен әзірлеу және іске асыру жоспарлануда.
Бұл бір жағынан әлеуметтік-экономикалық дамуды жақ­сартып, тұрғындардың, әсіресе, суармалы жердің жай-күйіне тәуелді ауыл тұрғындарының (облыс халқының 63%) әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, екінші жағынан біз ол суармалы жерлердің нашар жай-күйіне байланысты шығынды 40%-ке азайта отырып, Арал теңізіне түсетін су көлемін  ұлғайтамыз.
Осы бағдарлама аясында «Көкарал» бөгетінің төменгі жа­ғында гидрологиялық жә­не орманмелиоративті жұ­мыс­тарды жүргізуді қарас­тырамыз. Бұл сулы-батпақты алқапты қалыптастыру есебінен Арал өңірінің экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді (2005 жылдан бері Кіші Арал теңізі көлемінде 27 млрд текше метр, бөгетінен төмен қарай бағытқа 30 млрд текше метрден астам су), сондай-ақ, Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл отырғызуға және теңіздің шығыс жағалауында елді мекендерді құмның басуы­нан қорғайтын жасыл белдеу құруға мүмкіндік береді.
Осы бағдарламада Сырдария өзені бассейнінде авто­маттандырылған су есептеу жүйесін құруды қарастыруды көздеп отырмыз.
Сонымен қатар, Сіздер біле­сіздер, Аграрлық-өнер­кә­сіп­­тік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында біз облыста тағы да екі су қоймасы – «Қараөзек» және «Күміскеткен» су қоймалары құрылысының мәселелерін әзірлеудеміз.
«Қараөзек» су қоймасы 1,5 млрд текше метр суға дейін жинақтайды, яғни, жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз жіберіліп жатқан, су аз кезеңде егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуге болатын 3 млрд текше метр судың жартысын сақтауға мүмкіндік береді.
Биыл жобаның техникалық-экономикалық негіздерін (РБ) әзірлеу аяқталып, содан соң жобаның тікелей өзін (ЖСҚ) әзірлеу басталады.
Шиелі ауданындағы «Кү­міскеткен» су қоймасы 600 млн текше метрге дейін су жинақтайтын болады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, әрі қарай қаржыландыру үшін Су ресурстары жөніндегі комитетке жолданды.
Біз ерекше назар аударып отырған келесі мәселелер тобы – жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту.
Өздеріңіз білесіздер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру жүйесіне көшу бойынша дайындық жұмыстары аясында біздің тұрғындарымыздың қаншасы әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топта тұратынын анық­тау үшін аула бойынша аралап, тексеру жүргіздік. 2018 жылдың басында облысымызда 97 538 толыққанды жұ­мыс­пен қамтылмаған және жұ­мыс­сыз азаматтар бар екен­дігі анықталды. Бұлар – өз­де­рін зейнетақы төлемдерін, ме­ди­циналық қызметтер мен әлеу­меттік сақтандыруды алу мүм­кіндіктерінен айырып отыр­ған тәуекел тобындағы азаматтар.
Аталған санаттағы азаматтар үшін біз «2018-2019 жылдарға арналған өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарды рәсімдеу Жол Картасын» қабылдадық. Біз алдағы 2 жылда өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97 мың облыс тұрғынын рәсімдеу мен жұмысқа орналастыруды міндет етіп қойып отырмыз.
Соған қарамастан, олардың арасында өкінішке қарай, жұмыс істегісі, әлеуметтік жарнаны өз бетінше төлегісі келмейтіндер  де бар екендігін мойындауға тиіспіз. Барып тұрған масылдық! Ондай адамдар бізде 15 мыңнан асады. Дегенмен, бұл санаттағыларды да жігерлендіру және түсіндіру арқылы қажетті жұмыс жүргізудеміз.
2018 жылдың 6 айындағы жұмыстардың қорытындысы: 7000-нан астам адам жаңа жұмыс орындарына орналастырылды, 20400-ден астам адам нәтижелі жұмыспен қамтылды, 20000-ға жуық азаматтың қызметі заңдастырылды, олардың 17000-ға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісім-шарттарын жасас­ты және 3000-нан астам адам мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін бастады.
Соның нәтижесінде, жыл басынан бері бізге өнімсіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз ретінде тіркелмеген адам санын 27 мыңнан астамға азайтуға қол жеткіздік және бұл көрсеткішті 70 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Бұл – біздің екінші жартыжылдықта жұмыс жасайтын контингентіміз.
Әрине, бұл жерде шағын және орта бизнесті дамыту үлкен рөл атқарады. Ол – әлеуметтік аз қорғалған адамдардың санын азайтудың өте тиімді тәсілі.
Сондықтан да, біз 2014 жылы өзінің икемді кепілдік саясаты бар, әсіресе, ауылдық жерлердегі жұмыссыздарды несие ресурс­тарымен қамтамасыз ете алатын Аймақтық  инвестициялық орталық құрдық. Бір ғана биылғы жылдың өзінде Аймақтық инвестициялық орталықты қар­жыландыруға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, шағын бизнестің 280 жобасы қаржыландырылды және 540-тан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Өздеріңіз білесіздер, әкім­діктің, мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы филиалының, Қоғамдық кеңестің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен ше­шімімен 2018 жыл облысымызда «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды.
Біз кешенді «Жол картасын» әзірледік, соның нәтижесінде ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде.
Өткен маусым айында облыстың барлық аудандарын жұмыс сапарымен аралап шығып, аудан басшылары мен жауапты кураторлардың шағын кәсіпкерлікті дамыту жоспарларымен танысып, жұмыстарын тыңдадық. Айта кету қажет, қабылданған шаралардың ал­ғашқы нәтижелері байқалуда. Ағымдағы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ке көбейді. Аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр.
Халықты жұмыспен қамту мәселесін кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және  басқа да белсенді шаралар арқылы шешуге ықпал ете отырып, сонымен қатар,  бүгінгі күні жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды пайдалы еңбекпен  барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану ар­қылы қамтамасыз етуге де барынша күш салып жатырмыз.  
Енді бюджетке қатысты.
Өткен жылмен салыстыр­ғанда биыл мем­лекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсімінің 34%-ке артуын экономикадағы оң динамиканың нәтижесі деп бағалауға болады. Оның ішінде жергілікті бюджет көлемі 48%-ке  артты.
Бүгінгі таңда облыс бюджеті 250 млрд теңгеден асып түсті. Естеріңізде болса, біз жыл басында бекіткен бюджеттің көлемі 220 млрд теңге болатын. Қызылорда облысы бюджетінің тарихында бұндай көрсеткіш алғаш рет болып отыр. Ол 2013 жылғы бюджеттен  71 млрд теңгеге, өткен жылдың  бюд­жетінен 26 млрд  теңгеге кө­­бей­ген. Бұл біздегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық  нысан­дардың  өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік берді: ауылдық елді мекендерде жолдар мен көшелер құрылысы, Қызылорда қаласында сол жағалауды дамыту қолға алынды, шағын және орта бизнесті дамытуға, оның ішінде «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын кластерлік дамытуға, мемлекеттік-жекеменшік серік­тестікті дамытуға салаларды цифрландыруға қаржы бөлінді. Сөйтіп, маңызды деген бірқатар мәселелер өз шешімін тапты.
Бұған қосымша, ағымдағы жылы облыс аумағында 41 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың 20-сын біз уақытылы қаржыландыру нәтижесінде пайдалануға бердік. Қалған 10 нысанды біз жыл аяғына дейін пайдалануға беріп, ал, 11-нің құрылысын 2019 жылы аяқтаймыз.
Бюджет демекші, Төртінші деңгейлі бюджетті енгізу маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Өздеріңізге мәлім,  2017 жылдың 1 қаң­тарынан бастап халық саны 2000-нан асатын 65 елді мекеннің дербес бюджеті бекітілген болатын. Ауыл әкімдері ауылдың дербес бюджетін 19 бағыт бойынша жоспарлап, игеретін болады.
Олардың ішінде көгал­дан­дыру, көркейту, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметін қаржыландыру, еңбекпен қамту, аудандық деңгейдегі автомобиль жолдарын жаңғырту және салу, сондай-ақ, басқа да бағыттар бар.  
Сол себепті, жергілікті әкім­дердің тарапынан жұмыстың белсенді жүргізілуі бюджет қаржысын тиімді әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етеді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда кейбір әкімдердің қызметі сын көтермейді. Аудан, қала әкімдіктері тарапынан тиісті бақылау-қолдау жетіспейді.
Білім саласында биыл 15 нысан пайдалануға беріледі. Жыл басынан бері 4 мектеп және 6 балабақша пайдалануға берілді. Тағы 4 мектеп және балабақша  екінші жартыжылдықта пайда­лануға беріледі.
ЫНТЫМАҚ – ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ, ЫҚЫЛАС – ЕҢБЕК ТЫНЫСЫ Білім берудің сапасын арттыру жұмыстары өз жалғасын тауып келеді.
Біз 2014 жылдан бастап мектеп түлектерін мақсатты түрде үздік отандық  және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіп келеміз.
Алғашқы 62 студентіміз осы айда Ресейдің маңдайалды инженерлік оқу орындарының дипломдарын алып, елге оралады, олардың ішінде  13 түлек магистратурада оқуларын жал­ғастыруды жоспарлап отыр.
Біз бұл жастарға айрықша үміт артамыз.
Облыстың бірқатар кәсіп­орындары түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын.
Мысалы, «КазАтомПром» кә­сіпорны 11 жаңа жас маманды, ал, «Гежуба Шиелі Цемент» серіктестігі 8 адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырса, «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауыты,  Қызылорданың аз тонналы мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» және басқа да ірі кәсіпорындар түлектерді  жұмысқа қабылдауға тілек білдіріп отыр. Бірқатар түлектер мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне алынатын болады.
Өздеріңізге мәлім, жыл сайын ауылдық жерлердегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан түлектер үшін облыс әкімінің 100 гранты бөлінеді. Бүгінде мұндай грантты иеленушілердің саны 700 адамға жетті.
Биылдан бастап облыс әкімінің грантын 2 есеге өсірдік.  Олардың 70%-і ақпараттық технологиялар саласындағы маман­дықтарға бөлінетін болады.
Сонымен бірге, жыл сайын Қазанның «Иннополис» университетімен қызылордалық балаларды оқыту туралы келісім жасалды. Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығымен ынтымақтастық орнатылуда.
Ағымдағы жылдан бас­тап М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің «Ки­бер­­­қауіпсіздік» және «Про­цес­­­­терді математика­лық мо­­­дель­деу» мамандықтары бо­­йын­ша Қызылорда жастары­на магистратурада оқу үшін 20 грант бөлінгенін атап өткім келеді. Бұған қосымша үс­тіміздегі жылдың шілде айы­ның басында біз Астанада ЕвраАзЭС-тің парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Оның құрамына 3 институт, 4 факультет, 17 кафедра кіреді.
Жоғары оқу орнының негізгі мамандықтары «Юриспруден­ция», «Сервис», «Туризм», «Эко­но­мика», «Менеджмент», «Ке­ден ісі», «Жарнама және жұрт­шы­лықпен байланыс», «Кон­флик­тология», «Дизайн», «Декора­тивті қолөнер және ха­лықтық кәсіпшілік», «Сауда ісі», «Психология». Бізге қажеті де осы!
Қазір – қабілеттілікке қол жеткізетін ең қажетті деген маман кадрларды дайындау заманы. Біздің өрендеріміз білім алатын университеттің жаңа бағыттарының бірі – бизнес-информатика. Осы мамандық аясында цифрлы экономиканың дамуы кезінде маңызды болып отырған блокчейн және криптовалютаны меңгеретін болады.
Университет жыл сайын түсу емтихандарын сәтті тапсырған  Қызылорда облысының түлек­теріне 10 білім беру грантын бөлетін болды.
Осы жылы түлектеріміздің жоғары және арнайы оқу орындарына түсу көрсеткіші қандай боларын әзірше білмейміз. Былтыр бұл көрсеткіш 97%-ке жетті, бұл – мақтануға лайық көрсеткіш. Биыл да қорытынды жаман болмас деген ойдамыз.
Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша орташа балл 85,82-ні көрсетті, бұл былтырғы (82,4) көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 балға жоғары. Сонымен қатар,  биыл 100 балдан жоғары жинаған оқушылар қатары да былтырғы жылмен салыстырғанда (20%) өсіп, 23,8%-ке жетті. Бірнеше жылдан бері біздің аймақ ҰБТ көрсеткіштері бойынша алдыңғы бес облыстың қатарына кіреді.
Өкінішке қарай, жоғары оқу орнына түсуге қажетті 50 балды жинай алмаған түлектер де бар. Биыл олардың саны 113 адам, бұл жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғандардың 2,3%-і. Былтырғы жылмен салыстырғанда, жоғары оқу орнына түсуге қажетті шекті балл жинамаған түлектер санының азаюы қуантады.
Бірақ, бұл әлі де болса шешімін табуы қажет проб­лемалардың, назардан қалыс қалған мәселелердің бар екен­дігін көрсетеді. Қалай бол­ғанда да, жоғары және арнайы оқу орындарына түсе алмай қалған жастардың әр­қай­сысымен жеке жұмыс жасайтын боламыз. Олардың өзін «жоғалтып», «маргинал» жастар қатарын толықтыруына қол қусырып қарап отыруға болмайды.
Биыл денсаулық сақтау саласында жалпы адам өлімінің көрсеткіші 1,5%-ке азайды, қа­терлі ісіктен болатын өлім саны 10,4%, қан айналым жүйесінің бұзылуынан болатын өлім саны 9,4% төмендеді.
Әсіресе, сәби өлімі саны­ның былтырғы жылмен салыс­тырғанда 14,3%-ке төмендегені қуантады.
Өкінішке қарай, жыл басынан бері ана өлімінің 2 дерегі тіркелді. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бұл жағдайдың орын алуы­на босанушылардың өз ден­саулығына селсоқ қарауы себе­бінен болды дегенімен, шын­туайтына келгенде, мұндай жағдай мүлде орын алмауы керек! Қалай болғанда да дәрігерлердің де кінәсы бар! Яғни, қадағаламадық, ауруларды көндіре алмадық!
Естеріңізде болса, бірнеше жыл қатарынан біздің аймақта  жиі кездесетін ауру түрлері бойынша арнайы «Жол картасы» іске асырылып келеді.
Қазір тұрғындардың өлім көрсеткішінің 52 процентін құрап отырған аурудың 5 тобы бойынша 5 «Жол картасын» жүзеге асырып келеміз. Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін іске асырылады.  
Белгіленген мерзімге дейін аурулар бойынша көрсеткіш саны нөлдік межеге төмендейді деп үміттенеміз.
Біз биыл Арал қаласында бюджет есебінен салынған 150 төсектік аудандық ауруха­наны пайдалануға береміз жә­не Жаңақорған кентіндегі 250 келушіге арналған емхана құры­лысын аяқтауға тырысамыз.
Шиелі ауданындағы Шиелі кентінде 150 орындық аудандық аурухана, Қармақшы ауданының III Интернационал ауылында 10 төсектік аурухана құрылысын жүргізудеміз, 2019 жылы екі нысан да пайдалануға беріледі.
Күн тәртібінде – Жалағаш ауданындағы апатты ауру­хана­ның орнына жаңадан аурухана салу.
Денсаулық сақтау саласы біздің жұмысымыздың басым бағыты болып келді және бола да береді.
Спорт саласы туралы да айта кетейік. Біз биыл бірден 8 нысанды  іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның 3-і – Жаңақорған ауданындағы Түгіскен ауылында, Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде және Қармақшыдағы Төретам ауылында дене­шы­нықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Қалған бес нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтаймыз.
Осы жылдың 6 айында біздің спортшыларымыз ҚР чемпионаттарында 865 медаль (280 алтын, 267 күміс және 318 қола) иеленді. Азия мен Әлем чемпионаттарындағы табысымыз 50 медаль (17 алтын, 23 күміс, 10 қола) болды.
26-29 шілде күні Қызылорда қаласында VI облыстық спорт­тық халықтық ойындар өте­ді. Жарыс жеңімпаздары күз­де Ақтау қаласында өтетін VI республикалық ойын­дар­ға қатысып, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүлдесі үшін сайысатын болады.
Тамыз бен қазан айының аралығында әлемдік деңгейдегі екі үлкен дода –  Джакарта (18 тамыз-2 қыркүйек) қаласында өтетін жазғы Азия ойындары, 6-18 қазан аралығында Буэнос-Айрес­те болатын Жасөспірімдердің олимпиадалық ойындары тұр.  
Жерлестеріміз жазғы Азия ойындарына әзірше 4 жолдама алды. Ал, олимпиада ойындарына байдарка мен каноэ есуден Диас Бахрадин қатысады.
Біз жерлестеріміздің жеңіс­пен оралатынына сенеміз.
Қоғамдық сананың қалып­тасуына мәдени құндылықтар үлкен ықпал етеді.
Мәдениет саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін жақсы білесіздер.
Соңғы 5 жылда облыстағы мәдениет саласының бюджеті            2 есе өсті.
Биылдың өзінде Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылында, Шиелі ауданындағы Еңбекші елді мекенінде 150 орындық ауыл клубтарын қолданысқа бердік.
Алдында айтып өткенімдей, Сырдария өзенінің сол жаға­лауында бұрынғы Қазақ Орталық атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша ғимараттың құрылысы аяқталып, онда «Қала тарихының музейі» мен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы орналасатын болады. Музейдің залдарына экспозициялық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.
Астананың сол жағалауында Елорданың 20 жылдық мерейтойына арнап Қызылорда облысы жасаған және Ас­тананың тұрғындарына ар­нап сыйға берілген зы­мы­ран­дық-ғарыштық техника экс­позициясының, ашық аспан астындағы өзіндік ерекше музейінің ашылуы жарқын оқиға болып табылды.
Егер естеріңізде болса, Сіздердің қолдауларыңызбен, бұл жобаны біз облыстық бюджеттің қаражаты есебінен іске асырды, бұл – Мемлекет басшысының, кезінде облыс­ты және Солтүстік Аралды сақтау туралы шешімінің дұрыс екендігінің дәлелі. Бір кездері келешегі жоқ, қолайсыз облыс болып саналған Қызылорда Ел­басының, Үкіметтің қол­дауымен жерлестеріміздің қыруар еңбе­гінің арқасында бү­гінгі күні  белсенді дамып отырған экономикасы бар аймаққа айналды.
Осы жылдың 11 шіл­десінде біз Мемлекет басшысынан Астананың мерейтойына байланысты құттықтау алдық, онда Елбасымыз Сыр елінің барлық тұрғындарына Елордаға жасаған ерекше сыйлығы үшін, Астана қаласының гүлденуі мен дамуына қосқан қомақты үлесі үшін алғысын білдірді.
Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін танымал ету, алыс және жақын шетел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мен мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың нау­рыз айын­да облыстық фи­лар­мо­нияның шығармашылық ұжы­­­мының Ресей Федерация­сы Орынбор облысының қа­ла­­лары мен аудандарында гастроль­дік концерттері өт­­кі­зілді, Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Ұлыбританияда «Ақмешіт» фоль­к­­лорлық ансамблі Лон­дон­дағы «Наурыз мейрамын» мерекелеуге  қатысты, «ТҮРКСОЙ» ха­лықаралық ұйымының ұйым­дастыруымен Түркітілдес халық­тардың халықаралық фестивалі аясында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі Түр­кияның төрт қаласында өнер көрсетті.
Белгілі әнші, композитор, Қазақстанға еңбегі сіңген қай­раткер Батырхан Шөкеновтің есімін мәңгілік есте қалдыру мақ­сатында Қызылорда қала­сының орталығындағы өз атындағы саябақта ескерткіші орнатылды.
«Қазақстанның киелі жер­лері» жобасының бірінші кезеңі іске асырылып, нәтижесінде, облыстың 12 ескерткіші «Жалпыұлттық киелі жерлер» кітабына, 35 нысан «Өңірлік киелі жерлер» кітабына енгізілді.
Сығанақ, Жанкент, Сор­төбе, Қышқала және Бәбіш мола қалашықтарындағы архео­логия­лық қазба жұмыстары жалғасып жатыр.
«Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұралардың ны­сандарының интерактивті картасын 3D форматта жасау» жобасы бойынша жұмыстар басталды. Жұмыстарды қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.
Орталық мемлекеттік органдармен Қызылорда қаласында Ұлттық өнер академиясын құру жобасы келісілуде.
Бұл – мәдени мұраларды дәріп­­теу және ұлттық кодты сақ­тау үшін облысымызда жасалып жатқан игі істердің бір бөлігі ғана.
Мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындауда Ресей Федерациясымен бірлескен жұмыстар жүргізу нәтижесінде ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласының перспективалық дамуы мәселелерін шешу бойынша біз алға жақсы жылжыдық.
«Бәйтерек» бірлескен зымыран кешенін құруда «Зенит-М» инфрақұрылымдарының нысандарын Ресей Федерациясынан жалға алудан шығару және қазақстандық тарапқа тапсыру рәсімі жүріп жатыр. Медицина мәселелері мен жер учаскелерін жалға алудан шығару бойынша келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларға қол қойылды, Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақмерзімді бағдарламасы әзірленді.
Байқоңыр қаласында тұрғын үйлердің құрылысы басталды, қалалық су құбырлары мен кәріз жүйелерін қайта құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүріп жатыр, қаланың тұтынушылары қазақстандық табиғи газға ауыс­тырылуда.
Сонымен қатар, қаланың серпінді дамуы үшін үшінші елдерден ауқымды инвестициялар тарту қажет.
Өзекті мәселелердің бірқа­тарын алда өтетін Үкіметаралық комиссияның 6-отырысында қарау үшін өз ұсыныстарымызды әзірледік, ол жайлы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің «Роскосмос» ғарыштық қызмет жөніндегі мемлекеттік корпорациясының жаңа бас директоры Д.О.Рого­зинмен 9 шілдеде жұмыс кездесуі барысында баяндалды.
Біріншіден, әзірленген Бай­қоңыр қаласын дамытудың ұзақ­мерзімді бағдарламасында бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау, қала экономикасын әртараптандыру үшін инвестициялар тартуға «Байқоңыр» кешенінің аумағында айрықша экономикалық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылуы қажет.
Екінші. Біз ресейлік тарап жалға алушы ретінде қаланың инфрақұрылымын қамтамасыз етіп, ұстап тұруға және тұр­ғын­дарға қолайлы жағдайлар жасауға, ал, қазақстандық тарап меншік иесі ретінде қаланың тір­шілігіндегі нысандардың қайта жаңғыруына, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салуға жауап береді деп шартты түрде келіскен Байқоңыр қаласын дамы­тудың ұзақмерзімді бағдар­ламасын келісімнен өткіздік.
Және осы бағытта нақты жұмыстарды бастадық. Қала әкімшілігі «Роскосмостың» қолдауымен қаланы абаттандыру, жолдарды жөндеу, тұрғын үйлерді газдандыру бойынша жұмыстарды бастады.
Облыс әкімдігі Үкіметтің қолдауымен 5 көпқабатты үйдің құрылысын бастады, су және кәріз құбырлары желілерін ком­муналдық меншікке қа­был­дады және оларды қайта жаң­ғырту бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзір­леу жүргізіліп жатыр, қазақ­стандық мектептер мен ауруханалар газдандырылды.  
Аталған жұмысты жүйелі негізде жалғастыру үшін қаланы дамытуды қаржыландыру көз­дерін Ресей тарапынан да, Қазақстан тарапынан да нақ­тылау қажет.
Үшінші. Біздің қазақ тілді мектептерді қазақ­стандық стан­дарт­тарға ауыстыр­ғанымызды білесіздер.
Бірақ, Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын 1500-ден астам бала Ресей стандарттары бойынша орыстілді мектептерде оқиды, осыған орай қазақстандық білім беру стандарттары бойынша орыс тілінде оқытатын мектептер ашу қажеттілігі туындайды.
Бұдан басқа, 2700-ден астам қазақстандық бала ресейлік бала­бақшаларда тәрбиеленіп жатыр. Қазақстандықтар балабақшада үш тілді үйренеді, ал, келесі жыл­дан бастап латын әліпбиін зер­делеуді енгізу жоспарланып отыр.
Байқоңыр қаласының әкім­шілігімен бірлесіп, аталған мәселені шешудің 2 нұсқасын қарастырып жатырмыз:
1) оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бірін қазақстандық оқыту стандартына ауыстыру;  
2) қазақстандық тараптың қаражаты есебінен жаңа мектеп салу.
Енді тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қандай жұмыстар жүргізілгені, алда тұр­ған міндеттерге тоқталып өтсек.
Ағымдағы жылдың басы­нан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріл­ді. Былтырғы жылғы осы кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үй көлеміне биыл аздап жетпейтіндігін бұған дейін де айтып өттім. Деген­мен, бүгінде Қызылорда облы­сының аумағында 1726 пәтерлік 42 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның кем дегенде 36-сын ағымдағы жылы пайдалануға береміз, оның ішінде Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында бірден-бір шағын аудан – 16 көппәтерлі тұрғын үйді беруді жоспарлап отырмыз.
Сондықтан, біз ағымдағы жылы 2017 жылға қарағанда кем түс­пейтін 667 мың шаршы метр тұр­ғын  үйді қолданысқа ен­­гі­зе­міз деп есептеп отырмыз. Естеріңізге сала кетейін, былтырғы жылы тұр­ғын үй құрылысының кө­лемі бойынша біз Қарағанды, Оң­түстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы сияқты ірі қалаларды басып оздық.
Биылғы міндетіміз – облы­сымыздағы халықтың әлеу­меттік осал топтарын мейлінше қол­жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта 2017 жылы біз «Орда» тұрғын үй құрылысының жол картасын әзірледік. Бірінші болып бағдарламаның игілігін апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатақхана тұрғындары көруде.
Жеке тұрғын үй құрылысына алаңдар дайындауды жалғастыра береміз.
Ағымдағы жылы инженер­лік-коммуникациялық инфра­құ­ры­лымның құрылысы бо­­йын­­ша 40 жобаны іске асыру­ды жоспарлап отырмыз  (9-ы Қызылордада, 4-і Арал ауданында, 15-і Қазалыда,  2-і Қар­мақшыда, 1-і Сырдарияда, 6-ы Шиеліде және 3-і Жаңақорған ауданында).
Ағымдағы жылдың 6 айында 21,3 км  инженерлік желілерді енгіздік, жылдың аяғына дейін 495 км енгізуді жоспарлап отырмыз.
Облысты газдандыру жоба­сы бойынша жұмыстар жал­ға­­­су­­да. Қармақшы ауданы­ның Жосалы кентінде ав­­­то­­­­­­мат­­­­­тандырыл­ған газ тарату стан­­сасының құрылысы аяқ­­талып, кварталаралық газ құ­быр­лары­ның құрылысы бойынша жұмыстар басталды.
Сырдария және Жалағаш аудандарында газ тарату стансасын орнатуы мен жобаның іске асырылуына республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы жылы 1,2 млрд теңге бөлінді, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, кварталаралық газ құбырларының құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат­тамалар әзірлеп жатырмыз.
Сырдария өзенінің сол жаға­лауында инженерлік-ком­му­ни­кациялық инфра­құры­лым­ның құрылысы бойынша ауқымды жұмыс өріс алды.
Екінші жартыжылдықта Қызылорда қаласының сол жағалауын газбен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және су тарту бойынша алғашқы жобаларды іске асыруды аяқтаймыз. Бұйырса, келесі жылы үш жаңа шағын ауданның құрылысына кірісеміз.
Жалпы «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасы шеңберінде ағым­да­ғы жылы 72 км су құбырын және 4,5 км кәріз желісін қайта жаң­ғыртуды жоспарлап отырмыз.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Сырдария ауданындағы Қалжан ахун, Жалағаш ауданындағы Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендеріндегі су құ­бырлары желілерінің құрылысы жалғасады.
Сумен қамтамасыз етуге қа­тысты көп жылдар бойы Жаңа­­­қорған кенті жалғыз проб­­­лемалық орталық болып қалып келеді. Сондықтан, өт­кен жылдан бері 193 км су құ­бырлары желілерін ауыстыруды қарастыру шеңберінде құны 4 млрд теңгеден астам жобаны іске асыру басталды. Бүгінгі күні 163 км желі салынды, қалған 30 км құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Осылайша, сумен қамтамасыз ету проблемасын бұл елді мекендерде толықтай шешетін боламыз.
Бұдан басқа, Өздеріңіз білесіз­дер, өткен жылдың мау­сым айынан бастап облысымызда ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша «Қазсушар» кәсіпорны бірыңғай оператор ретінде жұмыс жасайды.
Бұл шешімді біз әлсіз ма­териалдық-техникалық базадан туындайтын, жергілікті ай­мақтарда арнайы техниканың және білікті мамандардың бол­мауына байланысты сумен қамтамасыз ету жүйесін дұрыс пайдаланбауға әкеп соғатын проб­­лемаларға байланысты қа­был­­дадық.
Біздің оң тәжірибемізді ескере отырып, республикалық Су ресурстары жөніндегі комитеттің бастамасымен 19-20 шілдеде ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде республикалық семи­нар-кеңесті Қызылордада өт­кіземіз.
Жолаушылар тасымалы са­ласында әуе қатынастары бөлі­гінде жақсы жаңалықтар бар. 16 шілдеден бастап аптасына 4 рет қатынайтын «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» жаңа әуе рейсі жұмыс жасай бастады. Әуе тасымалы «Аэрофлот-российские авиалинии» компаниясының «Эйрбас» және «Boeing-737» әуе кемелері арқылы жүзеге асырылатын болды.  
Одан басқа, «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)» трансфері ұйымдастырылды.
Айтқандай, Қазақстан Респуб­ликасы Экономиканы қайта жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының хаттамасымен ағымдағы жылғы мамырда Жекешелендірудің кешенді жоспарынан «Қорқыт Ата әуежайы» акционерлік қоғамын шығарып тастау туралы шешім қабылданды, бұл өз кезегінде жаңа әуе терминалын салу үшін инвестор тартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда бұл мәселені «Базис» және «BI-Group» компанияларымен мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде қарастырып жатырмыз.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 73 жоба іске асырылуда, 10-ы бойынша келісімшарттарға қол қойылды.
7 ауылдық дәрігерлік амбула­торияның құрылысы және Қызылорда қаласындағы №101 мектепті газбен жылытуға ауыстыру бойынша конкурстық құжаттарды рәсімдеу аяқталды және жеке серіктестер анық­талды. Бүгін-ертеңдері олар бойынша келісімшарттарға қол қойылмақшы.
Қазір бүкіл әлемде салалар­дың цифрландырылуына көңіл бөлініп жатқанын білесіздер.
Біз бірінші кезекте жұмыс­тарды жүргізетін пилоттық ба­ғыт­тарымызды анықтап алдық.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін біздің облыста 37 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.
Осы жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі білім беру үдерісін автоматтандыру үшін облыстағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарды «Электронды балабақша» электронды жүйесіне ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні бұл жүйемен әзірге 37,2% мектепке дейінгі қалалық ұйымдар ғана қамтылып отыр. Қазіргі таңда бұл жүйені облыс аудандарында да енгізу бойынша жұмыс жасау­дамыз.
Ата-аналардың сәбиін дү­ниеге келісімен, бірден үйден шықпай-ақ балабақшаға кезекке қою, кезектің жылжуын қадағалау, сонымен қатар, балабақша қызметтерін электронды жүйе арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болады.
Жалпы білім беру меке­мелерінде «Күнделік» электронды журналына көшу жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйемен қамту қазіргі уақытта 82,3%-ті құрайды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін барлық мектептер интернетке қосылады, бұл аталған ақпараттық жүйеге 100% қосылуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, 92 мек­тепті (40%) роботты техника кабинеттерімен, 4 тіректі мек­тепті және 9 оқушылар сарайын «3D-модельдеу» жиын­тық­тары­мен жабдықтау іске асырылып жатыр. IT IMAQORDA ресурстық-әдісте­мелік орталығы ашылады. Аталған жоба бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу  бойынша рәсімдер жүргізілуде. 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.  
Денсаулық сақтау сала­сын­дағы облыстың барлық меди­циналық ұйымдары Ке­шенді медициналық ақпарат­тық жүйе­сіне қосылған. Пациент­терді қабылдау «Дамумед» мо­бильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Электронды денсаулық паспорты (99,6%), пациенттің жеке кабинеті (29,1%) және электронды жазбасы (79,4%) жүргізіледі.
Осы жылғы 1 шілдеден бас­тап медициналық ұйымдарды «қағазсыз құжат айналымға» кө­шіру бойынша жұмыстар бас­талды. Осылайша, жылдың аяғына дейін 62 құжат электронды форматқа ауыстырылады.
Жедел медициналық жәрдем бригадасының барлығы (74 бірлік) «Көмек» ақ­параттық жүйе­сінде жұмыс жасау үшін GPS нави­гаторлармен жасақталған және облыстық емханалармен біріктірілген.
Компьютерлік техникамен жабдықталу – 80%, интернетке қолжетімділік – 78%, жылдың аяғына дейін интернетпен қамтамасыз ету және оған қосылу 100% болады.
Сонымен қатар, облыстық медицина орталығында «Телемедицина» (пациенттерге шынайы уақыт режимінде қашықтан кеңес беру және диаг­ноз қою) және «Біріктірілген операциялық жүйені орнату» жобалары жүзеге асырылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық саласында «Ақыл­ды тұрғын үй-комму­налдық шаруашылығы» жо­ба­сын іске асыру үшін мәлі­меттерді жіберу, есепке алу құрылғысымен жабдықтау бойынша Қызылорда қаласы Есім хан көшесіндегі 6 көпқабатты үй анықталды.
Жалпы, үйді есепке алу құрыл­ғылары таңдалған үйлер­дің көрсеткіштерін өндірістік интернет арқылы жұмыс жасайтын
«Е-шаңырақ» бірыңғай интеллектуалдық жүйесіне жолдап отыратын болады.
Коммуналдық қызметтерді төлеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған «Бірыңғай төлем құжаты» жобасы іске асырылады. Бүгінгі күні ол Қызылорда қаласында 85 мыңнан астам тұтынушыны қамтып отыр.
Көлік саласында үлкен сыйым­дылықтағы 120 автобус бей­некамералармен және GPS-құрылғылармен жабдықталған. Оларда мемлекеттік-жеке серік­тес­тің шеңберінде электронды билет беру жүйесі енгізілетін болады.
Қызылордадағы «Салтанат» ЖШС-ның автовокзалында ав­томаттандырылған есеп жүйесі енгізілуде. Қазір жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүріп жатыр.
Қызылорда қаласындағы 11, 17 және 18-бағыттардағы аял­дамаларға ақпараттық таб­лоларды орнату бойынша пилоттық жоба басталды.
Қауіпсіздік саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік се­рік­тестік шеңберінде жол қоз­ғалысы ережелерінің бұ­зы­луын анықтау үшін 31 интел­лек­туалды камераны (9 жыл­дамдық өлшеуіш және 22 «Интегра-KДД» жол қозғалысын бақылаудың интеграциялық-интеллектуалдық жүйесі) іске қосу жоспарлануда.
«Әкімшілік құқық бұзу­шы­лықтардың бірыңғай тірке­лі­мімен» жұмыс жасауға жергілікті полиция қызметіне 117 жиынтық планшет пен термопринтер сатып алынатын және электрондық қылмыстық істі енгізу үшін 92 автоматтандырылған жұмыс орны ашылатын (Қызылорда қаласының полиция бөлімі үшін 80 жиынтық және Шиелі АІІБ үшін 12 жиынтық) болады. Бүгін­гі күні әлеуетті өнім берушілер анықталып, жабдықтарды жет­кізу жұмыстары жүргізілуде.
Бұрын айтып өткенімдей, ауыл шаруашылығы саласын­да тұ­­тынушылар мен ауыл­­шар­уа­­шылық тауарла­рын жет­кізушілер­дің қа­­жет­­ті­­ліктеріне бағдарланған, тауар­­ларды делдалсыз тиімді ба­ғамен сатып алуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ, интернет ар­­қылы ауыл шаруашылығы өнім­дері туралы толық ақпарат алуға болатын «Агробиржа» жобасы жүзеге асырылуда.
Кәсіпкерлік саласындағы мо­биль­­дік қосымшалар мен «Open kasipker» сайты кәсіп­керлерге арналған қыз­меттер мен шарттар туралы халық­тың ақпараттандырылуын арттырады және кез келген ақ­паратты алуда қажетсіз кезек­терді азайтады.
Геоақпараттық онлайн-сервис облыстағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кәсіпкерлерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға, рұқсат құжаттарын алу уақытын қысқартуға және монополиялық ұйымдардың жеке-дара кіруін болдырмауға бағытталған.
Бұған қоса жергілікті ат­қарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыру және оңтай­ландыру, тәртіпті және олардың жұмысының ашықтығын қам­та­масыз ету, сыбайлас жем­қор­лықты және басқа да құқық­бұзу­шылықтарды болдырмау, кадр­лардың қолданыстағы ре­зер­­­він дайындау бойынша қо­сым­­ша шаралар қабылданып келеді.  
Менің  бүгін Сіздерге баян­дағым келгені негізінен осы. Бұл, әрине, аймақта шешіліп жатқан мәселелердің барлық спектрі емес. Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша облыстық мәслихаттың әрбір отырысында Сіздерге облыста өткізілетін барлық іс-шаралар туралы хабарлаймыз.
Қорытындылай келе, Аймақ­ты дамыту бағдар­ламасында облыстың әлеуметтік-эконо­микалық даму қарқынын сипаттайтын жылдың соңына дейін қол жеткізуге тиіс 121 индикатор қаралғаны айтқым келеді. Барлық осы сан алуан жұмыстың нәтижелерін қорытындылайтын ең негізгісі, бұл өңірлік өнімнің физикалық көлемінің индексі болып табылады. Оны 100,4%-ке жеткізу – 2018 жылға міндет. Ағымдағы жылдың 6 айының нәтижелерін талдай келе, бұл міндет күрделілігіне қарамастан, қолдан келетіні сөзсіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<