Қырымбек Көшербаев: \»Мұндай нәтижемен мақтануға болады\»

405

0

Қырымбек Көшербаев: \"Мұндай нәтижемен мақтануға болады\" Өткен жылы сырбойылық түлектердің 97 проценті жоғары және орта оқу орындарына түскен. Мұндай нәтижемен мақтануға толық негіз бар. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникация орталығында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының облыста жүзеге асырылуы жөніндегі брифингте мәлімдеді.
Аймақ басшысының айтуынша, «Серпін» бағдарламасымен оқуға гранттар ұтып алуда ең үздік нәтижені қызылордалық түлектер көрсетіп отыр. Қазір 4000 студент осы бағдарлама бойынша білім алуда. 2014 жылдан бастап облыс мектептерінің 452 түлегі Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үздік техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Үкіметінің гранты бойынша оқып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<