Қышқала қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды

507

0

Қышқала қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды Қызылорда облысының тарихи және мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің шешімімен Сырдария ауданындағы Қышқала қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды.
Қазба жұмыстарын елімізге белгілі тарихшы-археолог Мадияр Елеуовтің жетекшілігімен «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы жүзеге асыруда. Айта кету керек, жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асырылып отыр.
Тарихтың өзіне айналған көне қалалардың бірі – Қышқала Сырдарияның ескі арнасының бойында орналасқан. Түпкі аты белгісіз шаһарды 1243 жылы итальян саяхатшысы Джованни Плано Карпини Қышқала атаған екен. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<