Қызылорда қаласында мәдениет қайраткері, музыкант Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып Батырхан Шүкеновтың бұрынғы директоры әрі продюсері Олжас Байкенов жазды. Оның айтуынша, аталған ескерткішті жасауға Мұрат Мансұров пен Жарас Шәймерденов көп үлес қосқан. Ол, сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа алғыс білдірді.
Ескерткіштің ашылу салтанаты 18 мамыр күні сағат 10:30-да Оқушылар сарайы маңындағы саябақта өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімдігі аталған ескерткішке 38 млн теңге жұмсалатынын айтқан-ды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<