Қызылорда Астанаға ашық аспан астындағы ғарыш музейін салып береді

422

0

Қызылорда Астанаға ашық аспан астындағы ғарыш музейін салып береді Қызылорда облысы Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойына орай ашық аспан астындағы ғарыш музейін тарту етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық аспан астында «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштары мен «Боран» орбитааралық кемесінің макеттерінен құралған зымыран-ғарыш техникасы музейі орналасады. Облыстық құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, аталмыш экспозицияның жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Бұл қаржы облыстық бюджет есебінен қаралған.

Экспозиция елордадағы Тұран даңғылы бойында орналасқан «ҚазҒарышСапары» АҚ ұлттық ғарыш орталығы аумағында орналасады. Басқарма мамандарының айтуынша,  құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстармен қатар ғарыштық кемелер макеті салынуда. Ғарыш музейі елорданың мерейтойы қарсаңында ел игілігіне айналатын болады.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Елорданың 20 жылдығына орай қызылордалықтар Астанада ашық аспан астындағы ғарыш музейін салатыны жөнінде Қызылорда қаласы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде айтқан болатын.

Әділжан Үмбет 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<