ҚЫЗЫЛОРДА: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ

520

0

ҚЫЗЫЛОРДА: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті. Шараға қала әкімі Н.Нәлібаев пен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ел ағалары қатысты.

Кеш барысында ел ағалары өңіріміздің өркендеуі, қаланың өткені мен бүгіні жайын сөз етіп, кеш қатысушыларын мерейлі мерекемен құттықтады.

Кеште “Алаштың Ақмешіті – Қызылорда” атты кітап көрмесі мен Ақмешіт филиал музейінің «Ақмешіт, Перовск, Қызылорда» атты қаланың тарихын насихаттайтын фотокөрме және музей қорындағы жәдігерлерден жылжымалы көрме ұсынылды. Көрмеге қадым заманнан қалған ізді айшықтай түсетін, тарғыл тарих беттерінен шежіре сырын ақтарған құнды жәдігерлер архивтік құжаттар, кітаптар мен кәдесыйлар қойылды. Шара соңы мерекелекі концертке ұласты.

М.ОТАРАЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<