Қызылорда мектептері – бірінші

465

0

Қызылорда мектептері - бірінші Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің ойын залында «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ-ң жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары  арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті.

Биыл 22-ші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан  14 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында Қызылорда қаласының №198 орта мектеп командасы топ жарды. Екінші орынды Талдықорған қалалық №2БЖСМ, үшінші орынды  Оңтүстік Қазақстан облысының №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  оқушылары еншіледі.

Ал қыздар арасында Қызылорда қаласының  «Мұрагер» дарынды балалар мектебінің оқушылар  өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, бірінші орынды жеңіп алды. Қалған орындарды Ақтөбе және Павлодар облыстарының командалары бөлісті.

Турнирдің үздік ойыншылары: 

Рамазан Сәмсін (Ақтөбе), Руслан Кенбаев (Қызылорда), Лия Умерова (Ақтөбе), Дана Сейтова (Қызылорда).

Үздік жаттықтырушылар: 

Александр Жавзмагин (Қызылорда), Айдын Аязбаев (Талдықорған), Роман Асылбеков (ОҚО), Олег Ким (Қызылорда), Ирина Бондаренко (Ақтөбе), Ирина Шаврина (Павлодар).

Үздік төрешілер: 

Алтынбек Жүсіпов (Қызылорда), Сайора Омарқұлова (Сырдария), Алексей Когай (Шиелі), Виктор Кузьмин (Ақтөбе), Диляра Мұсаева (Жаңақорған).

Жеңімпаз, жүлдегер командалар және номинация иегерлері диплом, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<