Жоба «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жүзеге асырылады. Интерактивті карта республикалық және жергілікті маңызы бар 150 ескерткішті қамтитын болады.
Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің 3 D- картасы 2018 жылдың 1 қарашасына дейін жасақталады.
«Бірінші кезекте картаға ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміндегі және республикалық, жергілікті маңызы бар ескерткіштер еңгізілетін болады. Далалық зерттеулер жүргізіліп, нысандар туралы архивтік деректер мен аңыз-әңгімелер жинақталады. Инновациялық әдістер мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен ескерткіштің толық виртуальды моделі қалыптасып, әр нысан туралы 3 тілде толық ақпарат арнайы сайтта орналыстырылады», – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова жобалық басқару бойынша сараптамалық кеңес барысында.
Бүгінде облыста 286 ескерткіш, яғни 30 республикалық, 256 жергілікті маңызы бар ескерткіштер мемлекет қорғауына алынған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<