Қызылордада электр қуатының тарифі төмендетілді

322

0

Қызылордада электр қуатының тарифі төмендетілді Қызылордада электр энергиясы мен жылу бағасы заңсыз көтерілген. Қуат көзін қымбаттатқан өңірлік электр тарату тораптары компаниясы 73 жарым миллион теңге негізсіз пайда тапқан, – деп хабарлады 24.kz тілшісі. 
 Прокурорлық тексеру нәтижесінде монополист мекеменің заңсыз әрекеттері әшкереленді. Табиғи монополиялар заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпорынға 1 миллион 400 мың теңге айыппұл салынып, тарифтер төмендетілді.
Шыңғыс Есжанов, 
облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры:
 Облыстық прокуратурамен енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған ұйымға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Соның нәтижесінде акционерлік қоғам электр энергиясын беру қызметіне тариф 4 теңге 945 тиыннан 4 теңге 934 тиынға дейін төмендетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<