Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникация орталығында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының облыста жүзеге асырылуы жөніндегі брифингте мәлімдеді.
Заман талабына сай мамандықтарды игеру мақсатында қолға алынған бастама бойынша білім ошағы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасады. Одан бөлек, «Дарын» қосымша білім беру орталығының жанынан облыстық «Сыр дарыны» білімділері академиясы жұмысын бастайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<