Қызылордада көпбалалы жас аналар көбейді

418

0

Қызылордада көпбалалы жас аналар көбейді Қызылорда қаласында төрт және одан да көп балалы жас аналар қатары көбейіп келеді. Қазір олардың саны 3600 адамға жуықтады. 

Бұл мәлімет Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізген нәзік жандыларды қабылдау шарасында айтылды. Жалпы, Сыр өңірі баланың дүниеге келуі жөнінен елімізде алдыңғы қатарда келеді. Бір ғана Қызылорда қаласында бүгінде 3 мыңнан астам Батыр ана бар. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жасы 100-ден асқан 2 кейуана тұрады.

Қызылордада көпбалалы жас аналар көбейді Қызылордада көпбалалы жас аналар көбейді

«Қазіргі таңда қала әкімдігіне қарасты құрылымдарда 209 мемлекеттік қызметкер болса, олардың 50 пайызға жуығы нәзік жандылар. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың хатшысы, әкімдікке қарасты 4 дербес бөлімді және қала әкімі аппаратында 2 бөлімді нәзік жандылар басқарып отыр», – деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Дереккөз: baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<