Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов коронавирустан сақтану шараларының пысықталуына байланысты жедел отырыс өткізді.
Арнайы отырысқа қатысқан облыстық кәсіпкерлік басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Далатекс» тігін фабрикасы өкілдері мен жеке дәріхана иелері бір шешімге келді.
Онда қазіргі уақытта «Далатекс» тігін фабрикасында тігіліп жатырған 8 қабатты көп ретті пайдалануға жарайтын жеке қорғаныш бетперделерін Қызылорда қаласы және аудандардағы дәріханаларға жеткізу қолға алынатын болды.
Бүгіннен бастап, барлық дәріханаларға 3 мың данасы жеткізіледі деп келісілді. Әрі қарай, сұранысқа қарай 5 мың данаға жеткізу жоспары бар. «Далатекс» тігін фабрикасы өкілінің мәлімдеуі бойынша, келесі аптадан бастап арнайы қондырғының көмегімен бір реттік жеке қорғаныш бетперделері шығарыла бастайтын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<