Өңірде күні бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың 37 жағдайы тіркелді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңірлік коммуникация қызметінің брифингінде мәлімдеді.
– Олардың алтауы да – Шиелі ауданынан. 4 пен 52 жас аралығындағы азаматтар. Барлығы бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған және карантиндік стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық, – деді ол.
Науқастар оқшау орында тиісті емдерін қабылдап жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<