Қызылорда қаласында бүгін көктайғақ салдарынан 31 бағыттағы қоғамдық көлік аударылды. Бұл туралы Инстаграм желісіндегі «ZelloKyzylorda» парақшасында жарияланды. Желі қолданушыларының хабарлауынша, жолаушылар аман-есен.Айта кету керек, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болып, облыстың бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.





