Қызылордада әйнек зауыты осы жылдың соңына дейін салынады – Жәмішев

330

0

Қызылордада әйнек зауыты осы жылдың соңына дейін салынады - Жәмішев Бұл жөнінде Қазақстан Даму банкінің басқарушы директоры Думан Әубәкіров мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Әубәкіровтің айтуынша, 2017 жылдың тамызында заем беруші Қазақстан Даму банкі және Orda Glass Ltd компаниясы мен қытай инвесторлары арасында келісім жасалып, субподряд компаниялар тартылған. Ал желтоқсанда жұмыс күші шоғырландыру аяқталды.

«Қазіргі уақытта нысанда жұмыс басталды. Қосымша сома туралы мәселе көтерілген жоқ. Кесте сақталса, шамамен 2018 жылдың аяғына қарай зауыт салынып бітуі тиіс» деді ол.

Ал Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, қытай инвесторлары жобаға акционер ретінде кіруі үшін барлық кредиторлардың келісімі керек.

«Қытай инвесторларына акцияларын сатқысы келіп отырған бір компания бар. Және Orda Glass Ltd компаниясында 20 пайыз үлеске ие америкалық «Стюарт Инжниринг» компаниясы бар. Олардың арасында бұл жобаға қытай инвесторларын қатыстыру мәселесі бойынша көптеген сұрақтар шешілген жоқ» деді ол.

Жәмішевтің сөзіне қарағанда, бүгінде Қызылорда облысының әкімі және кредитор ретінде «Бәйтерек» холдингі мен Қазақстан Даму банкі акционерлер арасында қолайлы шешім табуға тырысып жатыр.

«Бірақ бұл басқаруға күрделі процесс […]. Әзірге жобаға қатысушылар жөнінде, оның ішінде қаржыландыруға қатысты ешкім банкке мәселе қойып отырған жоқ. Біз келіссөз нәтижесін күтеміз» деді ол.

Сонымен қатар Жәмішов Қазақстан Даму банкі осы жылы экономикаға 405 млрд теңге салатынын айтты. Оның ішінде 15 жобаны 322 млрд теңгеге қаржыландыру жоспарланып отыр.

«Биыл 11 өндіріс орны іске қосылып, оларда 2,7 жұмыс орны ашылады деп күтіп отырмыз» деді ол.

Қызылорда облысында әйнек зауыты 2017 жылы салынып бітуі тиіс болатын. Алайда, құрылысқа ақша бөлу кезінде жемқорлыққа жол берілуіне байланысты жұмыс тоқтатылды. Ал 2017 жылдың 13 қаңтарында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды. Оған әйнек зауытын салу кезінде қылмыстық жоспар жасап 1 млрд теңге ұрлады деген айып тағылды. 2017 жылдың 19 қазанында бұрынғы министр мемлекетке келтірілген 1,2 млрд теңге зиянды өтегені хабарланды. Бишімбаев өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді.

ме көрсету талап етіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<