Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, Алматы қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен бүлдіршіндер арасындағы ІІІ республикалық Құран байқауында қызылордалық бүлдіршін жүлделі орынды қанжығасына байлады, – деп хабарлайды syrboyi.kz ҚМДБ-ның облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
Аталмыш жарыста «Мутаффифин» жəне «Нас» сүрелерін жатқа оқу номинациясы бойынша қатысып, Қызылорда облысының намысын қорғаған 8 жасар Бегімсұлу Мұқамбетқали төрешілердің шешімімен жүлделі екінші орынға лайық деп танылды.
Айта кетейік, Бегімсұлу Мұқамбетқали – ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы «Құран жаттау» орталығының ынталы шәкірттерінің бірі.





