Бүгін, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде, «Ислам және отбасы» жылы аясында, «Халықаралық балалар құқығын қорғау» күніне орай қайырымдылық акциясы болып өтті.
Қасиетті жұма күні өткізілген қайырымдылық акциясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Сонымен қатар, балақайлар орталық мешіт алдындағы алаңда арнайы қойылған «Батут» үстінде ойын ойнап, ертегі кейіпкерлерінің қолынан тегін таратылған балмұздақтар мен тәттілерден дәм татты.
Мерекелік акцияның куәгері болған ата-аналар балапандарының қуанышты жүзін көріп, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ерекше көңіл күймен тарқасты.
Сондай-ақ, облыс көлеміндегі барлық мешіттерде де аталмыш мерекенің құрметіне қайырымдылық акциялары өткізілді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<