Қызылорда облыстық білім басқармасының мамандары ұстаздарға арналған «Е-методист» мобильді қосымшасын жасап шықты.
Мобильді қосымша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында мұғалімдердің әдістемелік құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ашық ресурс болып табылады.
Қосымшада әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар, шығармашыл мұғалімдер жөнінде ақпараттар және тағы басқа әдістемелік материалдардың электронды нұсқасы жинақталған.
Мобильдік қосымша
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»;
«Орта білім»;
«Техникалық және кәсіптік білім»;
«Қосымша білім»;
«Тәрбие және білім»;
«Бейнесабақтар»;
«Авторлық бағдарламалар»;
«Әдістемелік құралдар»;
«Білім беру ұйымдарының картасы»;
«Педагогикалық ізденіс» журналы»;
«Бізбен байланыс» бөлімдерінен тұрады.
Мәліметтер қоры күнделікті толықтырылып отырады. Сонымен қатар, педагог мәртебесін жоғарылату, шығармашыл мұғалімдерді насихаттау, тәжірибесін тарату мақсатында «Электронды құрмет тақтасы» бөлімі қарастырылған.
«Арнайы əзірленген мобильді қосымша əрбір мұғалімнің шығармашылық дамуына əдістемелік көмек көрсетеді деген сенімдеміз» дейді білім басқармасының оқу орталығы мамандары.
«Е-методист» қосымшасын кез келген ұстаз Play Маркет жүйесі арқылы жүктеп алуына болады.
Сонымен қатар, жалпы облыста педагог қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Қызылорда облыстық білім басқармасының әзірленген арнайы бейнесабақтар каналы ашылған. Канал «Қашықтан оқыту» бағдарламасы негізінде әзірленген. Аталған каналда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, дарынды балаларға арналған облыстық білім беру ұйымдарының шығармашыл мұғалімдердің тәжірибелерін тарату мақсатында бейнесабақтар енгізілген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<