Әсел Серікбай 16 жасқа дейінгі қыздар арасында жарысты. Ол блиц әдісі бойынша 9 турдан 7 ұпай жинап, жеңіске жетті.
Шахматшы қыз 2011 жылы Польшада, 2017 жылы Румынияда өткен Әлем чемпионаттарында ерекше нәтиже көрсеткен. Алдағы уақытта классика бойынша жарысады. 31 қазан күні жарыс өз мәресіне жетпек. Оған 40 елден 300-ге жуық ойыншы қатысады.
Әсел Серікбай енді 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін Азия чемпионатында бағын сынап көрмек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<