Астана күні мерекесі қарсаңында бірқатар қызылордалықтар мерекелік медальмен марапатталды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы «Астана 20 жыл» медалінің иегерлерін құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
«Тәуелсіздіктің туы желбіреген 27 жылда орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, бұлардың қатарында Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Астананың орны ерекше. Осы ретте мемлекет басшысы Елорданың қалыптасуына ерекше үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін арнайы
«Астана 20 жыл» мерекелік медалін тағайындады. Өздеріңіз білетіндей Астананың 20 жылдық мерейтойына облыстан сый ретінде зымыран – ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясы Елбасының қатысуымен күні кеше салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ару Астананың болашағы бұдан да жарқын. Біз оған кәміл сенеміз! Қазақ елінің жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Еліміз еңселі, Елбасымыз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» – деді аймақ басшысы .
Қазақстан Республикасы мен Елордамыз Астана қаласының өсіп-өркендеуі үшін әрі еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, облысымызға танымал тұлғалардан құралған 31 адам мерейтойлық медальмен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<