Зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасалуда

502

0

Қызылорда облысында өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасалуда.


Кәсіпкерлер палатасында Қызылорда қаласы бойынша 20 кәсіпкерлік нысанынан жалпы 30 нысанға 404,1 млн.теңге көлемінде залал келгендігі жөнінде арызы қаралған. Мұндай нысандар қатарында «Компас», «Синойл», «Газ энерджи» жанар-жағармай бекеттері, «Бірлік», «Аль-асад», «Смолл» және өзге де сауда үйлері, ломбард, «Киви» терминалдары бар. Сондай-ақ, өндіріс және қызмет көрсету орындарына залал келтірілген.


«Қазіргі таңда бұл кәсіпкерлік нысандардың нақты шығынын анықтау және арнайы комиссияның қарауына шығару үшін тиісті құжаттар әзірленуде. Алдағы уақытта құжаттарды комиссия қарауына енгізу, шығындарды өтеу жұмыстары Үкіметтік комиссияның хаттамасымен бекітілген алгоритм аясында жүргізіледі», – деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<