«ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДАҒЫ ҚЫЗ БАЛАНЫҢ РӨЛІ»

898

0

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында «Зайырлы қоғамдағы – қыз баланың рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. 

Семинарға әйелдер жамағаты мен аймақтағы жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттері мен облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ерсұлтан Есов, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Бақыт Құлжаев, ҚМДБ-ның әйелдер және қыздар бөлімі секторының меңгерушісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ақбөпе Тілегенова, «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығы мекемесінің директоры Индира Беркімбаева, Жамбыл облыстық дін істері басқармасы Оңалту орталығының инспекторы, дінтанушы-магистрі Зейнеп Үсенова қатысты.

«Мамандар зайырлы қоғамдағы діндар әйелдің орны, дінді ұстану ерекшеліктері, дәстүрлі діннің құндылықтары жайында сөз қозғады. Некені қасиетті деп қастерлеген қазақ халқы некенің сақталуына жіті мән бергендігін айта келе, исламда уақытша некеге жол берілмейтіндігін, оның бұрыс екендігін түсіндірді. Қашан да отбасы ұйытқысы бола білген әйелдің жанұяның татулығын сақтау, бала тәрбиесіне бас-көз болу сынды жауапты міндеттері барын ескертті. Бала ата-анаға берілген аманат екендігін ұқтырып, ұрпақ тәрбиесіне, ұл-қыздың бойына ұлтжандылық, имандылық сынды ізгі қасиеттерді сіңіре отырып өсіруге баса мән беру қажет» – дейді«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ақбөпе Тілегенова жиында.

 Ал, «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығы мекемесінің директоры Индира Беркімбаева «Зайырлы мәдениет және діни мәдениет ерекшелігін және жалпы адамзаттық құндылықтардың артықтығын, яғни діни және діни емес дүниетаным түсініктерінің біріктіруші және сұхбаттастық негіздерін төзімділікпен түсіндіру жұмыстары да маңызды. Исламтануды оқыту мазмұны мен әдістемесі зайырлылық пен төзімділік қағидаттары, ар-ождан, діни сенім бостандығы және ой-еркіндігі сынды еліміздің және халықаралық құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс. Исламтану мамандығын оқытуда заманауи ақпараттық-аналитикалық және оқу-әдістемелік негіздерге сүйену керек»  деген ойын жеткізді.

Семинарда әйелдер аудиториясының әртүрлі сегменттерімен радикалды идеологияның алдын алу бағытында жұмыс жүргізу мәселелесі жайында ой қозғаған Жамбыл облыстық дін істері басқармасы Оңалту орталығының инспекторы, дінтанушы-теолог маман Зейнеп Үсенова Әйелдер аудиториясымен діни экстремизмнің алдын алу және дерадикализация бағытында жұмыс жүргізу мәселелері және діни экстремистік идеологияның ықпалына түскен тұлғаларды қайта оңалту шаралары туралы кеңес берді.

Семинар соңы еркін сұхбатқа ұласып, білікті мамандар қыз-келіншектер жамағатының сауалдарына жауаптар беріп, өз тәжірибелерін ортаға салды.

 

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 

Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<