Қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі тергеушілерінің арасында «Үздік тергеуші», «Алғыр тергеуші» «Эпизодты тергеуші», «Тапқыр тергеуші» номинациясы бойынша байқау өткізілді.
Жеңімпаздарды анықтау үшін полиция қызметкерлерінің көрсеткіші, қылмыстық істердің мерзімін сақтай отырып, дер кезінде заңды шешім қабылдауы, біліктілігі мен жауапкершілігі, жан-жақтылығы мен ізденімпаздығы басты назарға алынды. Басқарма басшылығынан құрылған комиссия шешіміне сәйкес 45 тергеушінің арасында үздіктер анықталып, нәтижесінде «Үздік тергеуші» номинациясымен тергеуші, полиция аға лейтенанты Айдос Ақбаев, «Тапқыр тергеуші» болып, полиция лейтенанты Мейрамбек Абдуллаев, «Эпизодты тергеуші» полиция аға лейтенанты Әуелхан Құдайберген, «Алғыр тергеуші» номинациясына полиция лейтенанты Еркебұлан Кеждембеков және полиция лейтенанты Нұржан Өмірзақ лайықты деп танылды.
Осыған орай, облыстық ішкі істер департаментінде үздік полиция қызметкерлерін басқарма басшысы марапаттап, дипломдар және естелік сыйлықтар табыстады. Шарада тергеушілердің ата-аналары да алғыс хатпен марапатталды.
Төл мерекелеріне орай, ішкі істер департаментінің тергеушілері де құрметке ие болды. Атап айтқанда, антқа адалдық танытып, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген 7 қызметкерге «Қазақстан полициясына – 25 жыл» естелік төсбелгісі табыс етілсе, 2 қызметкер ОІІД-нің «Құрмет грамотасымен», 5 қызметкер «Грамотамен», 14 қызметкер «Алғыс хатпен» марапатталды.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<