Жаңақорғанда кәсіпкерлерге жол ашық

306

0

Жаңақорғанда кәсіпкерлерге жол ашық Жаңақорған ауданы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойындағы сервистік қызмет көрсету нысандары бойынша облыста алдыңғы қатарда тұр. Қазіргі таңда 5 сервистік қызмет көрсету нысаны ашылып, халық игілігіне жұмыс жасауда.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Бүгінде 5 нысанда 30 жуық адам жұмыспен қамтылса, әлі де 20-дан астам жұмысшыға көнкөріс көзі ашылады.
Сондай-ақ, ауданда пилоттық жоба негізінде үйрек шаруашылығы қарқынды дамуда.
«Ақүйік ауылдық округіндегі «Қаратау-Ақүйік» АӨК-нің мүшелері үйрек шаруашылығын дамыту мақсатында Қызылорда өңірлік ивестициялық орталығы арқылы жеңілдетілген несие алып жұмыс жасауда. Бүгінде Жайылма ауылдық округінің тұрғыны Әлменов Қайрат 3 млн.теңге несие алып, 1000 бас үйрек алып өз кәсібін жандандыруда. Сонымен қатар, Ақүйік ауылынан кооперативтің төрт мүшесі несие алып, үйрек алуға қора жайларын дайындап отыр», – деді аудан әкімі Ғ. Әміреев. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<