Жалған вакцина паспортын жасағандар ұсталды

1061

0

Алматыда вакцинация паспортын қолдан жасаған үш медициналық мекеменің қызметкерлері ұсталды. Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық арнасы мәлім етті.


Атап айтқанда, «Достар Мед», «Сұңқар» медициналық орталықтары мен №4 емхананың қызметкерлері ПТР нәтижесі мен вакцинация төлқұжатын қолдан жасап сатқан.


Нұр-Сұлтанда да жалған ПТР-тест анықтамасын жасайтын медициналық орталық анықталды. Орталық басшысы заңсыз анықтама үшін клиенттерден 6 мың теңгеден алған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері елден тыс аумақта бола тұрып, теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасының электронды нұсқасын жасап, 5500 теңгеге сатқан қазақстандықты анықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<