Биыл ауданымызда тұңғыш рет 10 шілде мен 1 тамыз аралығында қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенді жастарды қолдау мақсатында Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы тағайындалды.
Аталмыш сыйлық түрлі саладағы талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында берілді.
Еліміздің өсіп-өркендеуіне орасан үлес қосып жүрген аудан жастарын мерекемен құттықтаған аудан басшысы Қайратбек Әубәкірұлы:
-Былтырғы жылы «Жастар – туған жерге!» атты аудандық жастар форумында аудан жастарының атынан жастар сыйлығын тағайындау жөнінде ұсыныс келіп түскен болатын. Биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жастарға арналған 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, қаржы көлемі екі есеге ұлғайды. Бұл игі шара келесі жылы да дәстүрлі жалғасын табатын болады. Біз жастарды қанаттандырып, жоғары жетістіктерге жетуіне ынталандыруымыз қажет, – деді.
Сондай-ақ, аудан басшысы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосып, өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен 10 жасқа Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығын, арнайы Сертификат және қаржылай сыйлықтар табыстады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<