Жаңақорғанда колледж түлектері «Шалқия» кен орнында еңбек етеді

1290

0

Жаңақорған ауданы аумағындағы «Шалқия» кен орнында бірнеше жылдан бері жер асты қазбалары өндіріліп жатқаны белгілі. Аталмыш кен орнының жұмысын әлемдегі алпауыт елдермен жұмыс жасайтын Қытай компаниясы 4 жыл мердігерлік арқылы үйлестіруде.


Маңыздысы сол, Қытайдың ТОО «Kingka Mining Construction» компаниясының басшылығы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудандағы колледж шәкірттерінің біліктілігін арттырумен қатар, жұмыспен қамту мәселелеріне белсене араласып, өз үлестерін қосуға ниетті. Осы мақсатта 2021 жылдың желтоқсан айында Жаңақорған аграрлық-техникалық колледж директоры Жомарт Шауенов пен аспан асты елі компаниясының директоры Дзянг Хайвен және «Шалқия Цинк LTD» АҚ-ның әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ғабит Ғазизқанұлымен кездесіп, екіжақты меморандумға отырды.


Екіжақты меморандум аясында колледждегі «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» мамандығының студенттері «Шалқия» кен орнында өндірістік практикадан өтіп, толықтай жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, түлектер оқуды аяқтаған соң өз қалауы арқылы Қытай мемлекетіне барып жоғары білім алу үшін оқуын әрі қарай жалғастыруларына мүмкіндік беріледі.


«Бұл меморандум колледжіміздің түлектерін жұмыспен қамтуға және Қытай мемлекетінде біліктіліктерін арттыруға зор мүмкіндік тудырып отыр. Сондай-ақ, бүгінде біз аталмыш Қытай компаниясының тапсырысымен тігін шеберханасында ақылы түрде жұмыс киімі мен қажетті жабдықтарын да тігуде, – деді колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<