Жаңашыл ұстаздар тәжірибе бөлісті

1093

0

Ә. Құдабаев атындағы №197 орта мектепте “Серіктес директорлар” лигасының бастамаларының аясында «ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың әдіс-тәсілдері» атты облыстық семинар өткізілді.

Іс-шараға облыстық білім басқармасының мамандары және қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Қонақбайқызы мен лига мүшелігіндегі мектеп директорлары қатысты.


Семинардың негізгі мақсаты – мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарын көрсету арқылы тәжірибе алмасу болып табылады.


Шарада білім ордасының үздік мұғалімдері өз жұмыстарын таныстырып, ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда ерекше әдіс-тәсілдерімен бөлісті.


Айта кетейік, аталмыш орта мектеп ҰБТ қорытындысы бойынша үздік ондық мектептер қатарында көш бастап келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, өзге де тың әрі ұтымды әдістемелер мектеп базасында зерделенбек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<