Жартысы құлаған үй: Тұрғындар жаңа пәтерлерге көшіп жатыр

480

0

 Жартысы құлаған үй: Тұрғындар жаңа пәтерлерге көшіп жатыр Қызылордада түн ішінде бір бөлігі опырылып түскен үйдің тұрғындары жалдамалы пәтерлерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай салдарынан адамдар бірнеше күн қаладағы №2 мектептің ғимаратын паналаған болатын.

«Көшіріліп жатқан жанұялар алғашқы уақытта пайдаланатын тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта 32 отбасы жаңа жерге көшірілді. Бүгін кешке дейін қалғандары жаңа қоныстарында болады. Жеке демеушілік жасауға ниетті азаматтардан көмек болып жатыр. Жалпы, тұрғындардың көпшілігі жаңа үйлерін өздері таңдады. Ешқандай түйіткілді мәселе болып жатқан жоқ», – деп түсінік берді Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тұрғындар жалдамалы пәтерде 6 ай тұратын болады. Жергілікті билік барлық шығынды өтеп береді. Бұл осы уақыт ішінде баспанасыз қалғандарды тұрақты үймен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілмек.

Еске сала кетейік, Қызылорда қаласы Титов кентіндегі №16 тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлағаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<