Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ерікті студенттер тобы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес бастамасы» атты халыққа үндеуін қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырылды.– Ең аз қамтылған әлеуметтік топтың әлеуетінің тұрақталуы үшін Елбасы жастардың келешегіне алаңдайтындығын жеткізді. Олардың дұрыс, қалыпты, әлеуметтік дамуына, баспанамен, жатақханамен, лайықты еңбекақымен, қолжетімді кәсіпкерлікпен, инфрақұрылымдық газбен қамтылуына ерекше көңіл аударып отыр,- деді университет ректорының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Н.Пірназаров.





