Жастар киелі Көкше жеріне жиылды

447

0

Жастар киелі Көкше жеріне жиылды Биыл «Жас Отан» жастар қанатының «Жастар-Отанға» саяси лагері Көкшетаудағы «Discovery Borovoe» демалыс аймағында өтті. Еліміздің 170-ке  жуық белсенді жасы сұлу табиғат аясында ой сергітіп, идея алмасып, пайдалы демалыс ұйымдастырды. Көшбасшы жастардың басын қосқан лагердің ашылғанына биыл 10 жыл толған.
 Лагердің алғашқы күні жасотандықтар «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен кездесті.
– Жастар Отанға» дегеніміз ең әуелі еліңді жақсы көру, мақтан тұту, ізденімпаздықпен білім алу. Бір игілік үшін жастардың жұдырықтай жұмылуы. Сондықтан кітап оқыңыздар, ойлы, белсенді көшбасшы болуға тырысыңыздар,- деді Мәулен Сағатханұлы.
Кездесу аясында ол қатысушылар сауалына жауап беріп, әлемдегі, еліміздегі саяси ахуал туралы сөз тарқатты.
Сондай-ақ бес күнге жоспарланған лагерь аясында қатысушылар Парламент депутаттары Бекболат Тілеуханов, Геннадий Шиповских, Ұлттық аударма бюросының директоры Рауан Кенжеханұлы, халаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов, журналистер Әйгерім Есенәлі, Әнуарбек Жәлел, Аралас жекпе-жек Федерациясының президенті Асылбек Дүйсенов, Киберспорт Федерациясының президенті Қасымбергебаев Бауыржан, Қазақстан барысы Ержан Шынкеевпен кездесті.
Ал лагерь ұйымдастырушылары аймақ жастары бір-бірін жатсынбай, достасуы үшін бірнеше топ құрып, тренингтер, спорттық сайыстар, ойындар өткізіп, әр уақытты тиімді пайдаланды.
 Ал соңғы күні қатысушылар аңызға айналған киелі өңірдің Оқжетпесі мен Жұмбақтасына саяхаттап, Абылай хан аңғарын аралады.
 Жастардың ойын бір арнаға тоғыстырып, идея алмасуға мүмкіндік жасаған «Жастар – Отанға» саяси лагері аймақ белсенділерін біріктіріп, шабыт, мотивация сыйлағаны анық. Ұйымның негізгі мақсаты да осы болатын.
Айдана Жұмадинова.
«Сыр бойы».

Жастар киелі Көкше жеріне жиылды Жастар киелі Көкше жеріне жиылды Жастар киелі Көкше жеріне жиылды Жастар киелі Көкше жеріне жиылды 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<