Жазушы, аудармашы Арал және Қазалы аудандарының құрметті азаматы, республикалық «Жалаңтөс Баһадүр» қоры төрағасының орынбасары Бегімбай Ұзақбаев 70 жас мерейтойын атап өтті.
Айтулы күнімен мерейтой иесінің әріптестері мен достары құттықтады.
Кездесуде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазіргі Әл-Фараби) түлегі екендігін, ұзақ жылдар бойы журналистика мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасағандығын атап өтті. «Жалаңтөс Баһадүр» тарихи романының авторы, 21 көркем және деректі повестер, әңгімелер мен ертегілер, көптеген ғылыми мақалалар, сонымен қатар көркем аудармалардың авторы екендігін тілге тиек етті.
«Облыс тұрғындарының атынан өңірдің мәдениетін дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтып, «Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын» табыстағым келеді», -деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ жазушының мерейтойымен замандас әріптестері Махмұтбай Әміреұлы және Айжарық Сәдібекұлы құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<