Жеңіл автокөлік Жамбыл облысының шабандозына бұйырды

312

0

Жеңіл автокөлік Жамбыл облысының шабандозына бұйырды Серпінді Сырдария ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған Аламан бәйгенің бас жүлдесін Жамбыл облысынан келген шабандоз Тоқтар Рәтпек иеленді.
25 шақырымдық қашықтықта қарсыластарын шаң қаптырып кеткен шабандоз жүйрік сәйгүлігімен бірге 12 айналым бойы озық келді.
Осылайша, Аламан бәйгенің бас жүлдесін иеленіп, жеңіл автокөлікті ұтып алды.
Ат жарысының ІІ-орынын да жамбылдық шабандоз Сайлау Нұр иеленіп, 500 000 мың теңгені қанжығасына байлады.
ІІІ-орынды қоғалыкөлдік Жандос Бақберген иеленді. Сырдария ауданының намысын қорғаған шабандозға 300 000 мың теңгенің сертификаты берілді.
Сонымен бірге, мәре сызығына Жандос Бақбергеннен санаулы секундқа ғана кешігіп жеткен аралдық Өтеш Ерлан 200 000 мың теңге иеленді.
Айта кету керек, ат жарысына 30-ға жуық шабандоз қатысып, бақ сынады. Аламан бәйгені тамашалаушыларға аудан әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалып, арнайы тасымалдау көліктері бөлінді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<